Басты жаңалықтар

Ақтөбе қаласының аумағына карантин енгізу туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

МИНИСТРЛІГІ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ»РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ

ҚАУЛЫ

05.04.2020 ж.,

Ақтөбе қаласы

Ақтөбе қаласының аумағына карантин енгізу туралы

Мен, Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрсұлу АлтынбекқызыБеркімбаева, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы»Жарлығы,Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 150 бабы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларының»2 және 6 тармақтары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына сәйкес,Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі №30-ПГВр «Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы»қаулысы және «Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі №30 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 3 сәуірдегі №31 қаулысына сәйкес,

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Ақтөбе қаласының аумағында 2020 жылдың 06 сәуірінде сағат 21-00-ден бастап кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет пен халықтың өмір сүруінің ерекше жағдайлары бар карантин режимі енгізілсін.
  2. Азық-түлік дүкендерінің (сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін режимінде жұмыс жасау), дәріханалардың және дәріхана дүңгіршектерінің (штаттық режимде), Ақтөбе қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындары мен тіршілікті қамтамасыз ететін қызметтерінің (қаулының 1 қосымшасы), емдеу-алдын алу ұйымдарының, автожанармай құю станцияларының және автомобильдерге техникалық қызмет көрсету станцияларының (автоқосалқы бөлшектерді интернет арқылы алу) жұмысын қоспағанда, карантин кезінде халыққа қызмет көрсетудің барлық түрлерін тоқтату.
  3. Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафелердің, мейрамханалардың, барлардың, асханалардың және басқалардың) қызметін тоқтату, мыналарды қоспағанда:

– тұтынушылардың қатысуынсыз тапсырыстарды шығарып берумен жеткізу жұмыстарын;

– Ақтөбе қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындары мен тіршілікті қамтамасыз ететін қызметтерінің (электр-, жылу-, сумен жабдықтау және басқа да) жұмысшыларына арналған асханаларда үстелдер арасындағы қашықтық кемінде екі метр және бір үстелде бір адамнан аспайтын адамдарды отырғызу шартын сақтаған жағдайда (қажет болған жағдайда асханаларға бару кестесін қарастыру).

  1. Супермаркеттердің, гипермаркеттердің жұмыс тәртібін 10:00-ден 20:00-ге дейін жұмысын ұйымдастыру, санитариялық және дезинфекциялық шараларды міндетті түрде сақтай отырып 20:00-ден 09.00-гедейін тұтынушылардың қатысуынсыз тапсырыстарды шығарып беру мен жеткізу.
  2. АҚ «Қазпочта» бөлімшелері және екінші деңгейдегі банктердің жұмысын онлайн режимде ұйымдастыру, ал мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда адамдардың кезектерде шоғырлануына жол бермеу шараларын қабылдау (шектеу сызығы, клиенттер арасында кемінде бір метр қашықтықты сақтау).
  3. Ақтөбе қаласының әкіміне:

6.1. Карантин аймағының шекараларынАқтөбе қаласының аумағында белгілесін;

6.2. Блокпостарда автокөліктер үшін дезинфекциялық тосқауылдар орнатсын;

6.3.Ақтөбе қаласының аумағынан автокөлік құралдарының барлық түрлерінің және азаматтардың кіріп-шығуына тыйым салсын, мыналарды қоспағанда:

– жедел медициналық көмек пен санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің,сондай-ақ медициналық қызметкерлерінің автокөліктерін;

– жұмыс берушінің анықтамасы (жұмыс кестесі/уақыты көрсетілгенде) болған жағдайда жұмысқа бара жатырған азаматтардың жеке автокөліктерін;

– азаматтық қорғаныс қызметінің, өрт сөндіруші және апаттық-құтқару автокөліктерін;

– Ақтөбе қаласының өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық кәсіпорындарының тыныс-тіршілігін үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ететін өндірістік тауарлары мен материалдары,азық-түлік тауарлары, дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық бұйымдары бар автокөліктерін;

– транзиттік автокөліктерін;

– коммуналдық, авариялық қызметтердің: электрмен, газбен, сумен және жылумен жабдықтау, қоқыс жинау, сондай – ақ байланыс пен коммуникациялардың автокөліктерін;

– құқық қорғау органдары мен қызметкерлерінің (қызметтік куәлігін көрсеткен кезде Ақтөбе облысының полиция департаменті, Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті, Ақтөбе облысының прокуратурасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті, Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаменті, Ақтөбе облысының экономикалық тергеу департаменті) автокөліктерін;

– ҚР Ұлттық ұланының, ҚР Қарулы Күштерінің және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері қызметтік куәлігін немесе әскери билетін және әскери бөлім командирі қол қойған қызметтік қажеттілігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ жедел қызметтегі әскери қызметшілердің тек арнайы автокөліктерін;

– мамандандырылған инкассаторлық көліктерін;

– «Бизнестің жол картасы» бойынша тартылған мамандандырылған автокөліктерін;

– медициналық ұйымдарының зертханалық қызметтері үшін жүгі бар автокөліктерін;

– жерлеу үдерістерінде еріп жүретін адамдардың ең көп саны он адамнан аспайтын автокөліктерін;

– Қазақстан Республикасының аумағына бұрын келген шет мемлекеттердің азаматтары Ақтөбе қаласынан шыққан кезде;

– Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының рұқсатымен Ақтөбеден емделуге кететін Қазақстан Республикасының азаматтарын;

– Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының рұқсатымен Ақтөбе қаласына жедел емделуге келетін облыс аудандарының тұрғындарын;

– Ақтөбе қаласының медициналық ұйымдарынан емін аяқтағаннан кейін шығарылған аудан тұрғындарын медициналық картадан үзіндісі болған жағдайда;

– Ақтөбе қаласының перзентханаларынан босанып шыққан әйелдерді жаңа туылған балаларымен медициналық картадан үзіндісі болған жағдайда;

– Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметі мен шет мемлекеттер персоналы және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелері Қазақстаннан, сондай-ақ Қазақстанға  Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша;

– карантиндік оқшаулаудан өткен басқа өңірлердің тұрғындары мен шет мемлекеттердің азаматтарыАқтөбе қаласынан шығу кезінде медициналық карталарының үзіндісі болған жағдайда;

6.4. Авариялық-құтқару қызметтерінің, жедел медициналық көмектің қолжетімділігін және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді ескере отырып, карантиндік аймаққа кіру/шығу пункттері анықтасын;

6.5. Ақтөбе қаласына бірінші кезекте қажетті тауарларды, тамақ өнімдерін, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды кіргізу үшін «жасыл дәліз» белгілесін;

6.6. Блок-бекеттерге тартылған қызметтердің жеке гигиенасын сақтау үшін қажетті жағдайлармен, жеке қорғану құралдарымен және жабдықтарымен қамтамасыз етсін;

6.7. Ақтөбе қаласында қоғамдық көліктердің аралық уақытын сақтай отырып жұмыс режимі белгіленсін:

– сағат 07:00-ден 09:00-ге дейін;

– сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін;

– сағат 17:00-ден 21:00-ге дейін.

6.8. Жолаушыларды отыратын орын саны бойынша қатаң түрде  отырғызу үшін маршруттық автобустарды жеткілікті санымен қамтамасыз ету;

6.9. Ақтөбе қаласының аумағында коммуналдық, дезинфекциялық және әскери қызметтерді тарта отырып, қоғамдық көлік пен аялдамаларды, көшелерді, адамдар көп жиналатын орындарды қоса алғанда күнделікті дезинфекциялық іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету;

6.10. Пәтер иелерінің кооперативтерімен бірлесіп, подъездерді аптасына екі реттен кем емес жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинауды ұйымдастыру.

  1. Ақтөбе қаласының тұрғындарына:

7.1. Жұмысқа, жақын маңдағы дүкенге, дәріханаға және қоқыс шығарудан басқа тұрғындардың пәтерден (үйден) шығуына тыйым салынсын.Лифтті пайдалану кезінде кабинада екі адамнан артық емес шектеулерді сақтау;

7.2. Туысқандардың, әріптестердің, көршілердің, таныстардың және басқалардың келуіне тыйым салынсын;

7.3. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерлерде жүріп-тұруына тыйым салынсын;

7.4. 65 жастан асқан азаматтарға өзін-өзі изоляциялау режимі сақталсын;

7.5. Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (мұрын біту, түшкіру, дене қызуының жоғарылауы) пайда болған кезде 103 нөмірі бойынша жедел медициналық жәрдем шақыру арқылы дереу медициналық көмекке жүгіну қажет;

7.6. Жерлеу рәсімін жүргізу кезінде кемінде екі метр қашықтықты сақтай отырып, адамдардың шоғырлануыон кісіден аспайтын болсын;

7.7. Тұрғын үйді үнемі желдетіп, ылғалды тазалау жұмыстары жүргізілсін;

7.8. Жеке бас гигиенасы сақталсын.

  1. Барлық меншік нысанындағы ұйымдардың басшыларына:

8.1.Қызметкерлерді ұйымдастырылған тасымалдаумен қамтамасыз етсін;

8.2. Жұмыс орындарында өз қызметкерлері мен клиенттердің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолғаптар мен бір рет қолданылатын маскалар беру;

8.3. Дүкендердің, дәріханалардың, медициналық мекемелердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің және т.б.кіреберісінде санитайзерлер орнатсын;

8.4.Үй-жайларда күніне екі реттен кем емес ылғалды жинау және дезинфекциялау жүргізсін;

8.5. Объектінің аумағын дезинфекциялық құралдарын пайдалана отырып тәулігіне 1 реттен кем емес өңдеу;

8.6. Объектіге кіретін есіктің алдында дезинфекциялық құралдармен үнемі ылғалдыланатын дезинфекциялық төсеніштер орнатсын;

8.7. Үй-жайлардың ішінде адамдардың саны бойынша шектеулерді қатаң сақтасын (20 шаршы метрге бір адамнан артық емес);

8.8. Клиенттер арасындағы қашықтықты кемінде бір метр сақтай отырып, кезектерді ұйымдастыру, сондай-ақ 5 адамнан артық кезектің пайда болуына жол бермеу;

8.9. Жедел респираторлық инфекцияның белгілері (мұрын біту, түшкіру, дене қызуының жоғарылауы) бар қызметкерлерді жұмысқа жібермесін.

  1. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы қамтамасыз етсін:

-анықталған науқастар мен COVID-19 науқасымен жақын контактіде болғандарды дереу инфекциялық стационарларға оқшауласын;

– ішкі карантиндік аймақтар COVID-19 клиникалық белгілері бар адамдарды ерте анықтау және оқшаулау мақсатында аулалық араласын;

-респираторлық инфекция белгілері бар тұрғындарды COVID-19 зертханалық тексеріс жүргізіп,үй карантиніне оқшауласын;

– ішкі карантинге ұшыраған жұмыс істейтін азаматтарға еңбекке жарамсыздық парақтары берілсін (инфекция ошақтарында оқшаулау, үй карантині);

– науқастардың жатқызылғандығы және байланыста болғандар туралыхабарламаны хабарлау схемасына сәйкес ұсынсын;

– оң COVID-19 анықталған адамдар жатқызылған ауруханалардың медициналық және қызмет көрсететін қызметкерлерін 14 күнде бір рет кезеңділікпен зертханалық тексерсін;

– провизорлық, жұқпалы және карантиндік стационарлардың аумағынан шығатын автомобиль көліктерін дезинфекциялық өңдеу.

  1. Қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қамтамасыз етсін:

– COVID-19 науқастарымен бірінші (жақын) және екінші (жұмыс, оқу орны бойынша) байланыс дәрежелі адамдардың анықталуын;

– COVID-19 науқастарының ошақтарында эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізуін.

  1. Ақтөбе облысының полиция департаментіне:

– карантиндік және шектеу шараларын бұзу жағдайлары анықталған кезде өз құзыреті және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалар шеңберінде шұғыл шаралар қабылдауды, сондай-ақ осы фактілерді бұқаралық ақпарат құралдарында профилактикалық мақсатта кеңінен жариялауды қамтамасыз ету;

– азаматтардың көшеде жүру құқығынсыз үй карантин режимін сақтауын бақылау;

-COVID-19 науқасы мен байланыста болғандардыңошақтары бар шегінде қала аумақтары мен тұрғын үй массивтерінің аймақтарының сегменттерін қорғау (бұғаттау);

-эпидемиологтың ұсынысы бойынша COVID-19 науқастарымен байланыста болған және басқа аумақтардан келгендерді іздеу;

– провизорлық және карантиндік стационарлардақоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеумен қорғау және оқшаулау;

-азаматтардың қоғамдық орындарда, саябақтарда, скверлерде болуына жол бермеу мақсатында патрульдеу кезінде шараларды күшейту;

-отбасы мүшелерін қоспағанда, адамдардың топтармен 3 адамнан артық қозғалуына, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ересектердің еріп жүруінсіз қозғалуына жол бермеу;

-Ақтөбе қаласы бойынша автокөліктердің аса қажетінсіз қозғалуына жол бермеу;

– облыс азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ҚР ҚМ келісімі бойынша әскери қызметшілер мен арнайы техникаларды бөлу.

  1. Ақтөбе облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» филиалына:

– COVID-19 зертханалық зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету;

– COVID-19 зерттеулер нәтижелері туралы Ақтөбе облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне дереу хабарлау;

– сынамалар жеткізген медициналық және басқа ұйымдарға COVID-19 зерттеу нәтижелерін уақытында беру;

– инфекция ошақтарында дезинфекциялық іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету.

  1. Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылдың 29 наурызындағы №4 қаулысының күші Ақтөбе қаласының карантиндік аумағына қолданылмайды деп белгіленсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                   Н. Беркімбаева

 

Ақтөбе облысының Бас

Мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің 2020 жылғы 5 сәуіріндегі

№ ПГСВ-10 қаулысының

№1 қосымшасы

Қаулының 2 тармағына сәйкес Ақтөбе қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындары мен тіршілікті қамтамасыз ететін қызметтерінің тізімі:

  1. «Ақбұлак» АҚ;
  2. «Энергосистема» ЖШС;
  3. «Трансэнерго» АҚ;
  4. «Свим» ЖШС;
  5. «Казактелеком» АҚ;
  6. «Байнур» ЖШС;
  7. «КТП» ЖШС;
  8. «Ерхатжолдары» ЖШС;
  9. «Коквест АФ»ЖШС;
  10. «Нео Плюс» ЖШС;
  11. «Табыс Актобе» ЖШС;
  12. «Табыс Ел» ЖШС;
  13. «ФинаншлВорлд» ЖШС;
  14. «Универсал 3Q» ЖШС;
  15. «ПАТП» ЖШС;
  16. «Автопарк» ЖШС;
  17. «Байсын А» ЖШС;
  18. «Барлык Курылыс» ЖШС;
  19. «Асфальт» ЖШС;
  20. «КапРемСтрой» ЖШС;
  21. «Базис К» ЖШС;
  22. «Прогресс KZ» ЖШС;
  23. «Акжол ЛТД» ЖШС;
  24. «Отес Актобе» ЖШС;
  25. «Ажар Актобе» ЖШС;
  26. «АссанаДорСтрой» ЖШС;
  27. «Актобе Тазалык» ЖШС;
  28. «SAMGAU-2030» ЖШС;
  29. «БолашакГарантСервис» ЖШС;
  30. «Гранит Строй Проект» ЖШС;
  31. «КазТрансГазАймак» ЖШС;
  32. «Global Story KZ» ЖШС;
  33. «АктобеЭлектроМонтаж» ЖШС;
  34. «Дезинфекция»ММ.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button