Спорт

Кубоктан үміт үзілді

Жексенбі күні футболдан Қазақстан кубогы жолындағы кездесулер өтті. Өкінішке қарай ақтөбеліктер келесі сатыға шыға алмай қалды.

Қарағандыда жергілікті «Шахтерге» қарсы ойнаған жерлестеріміз ойынды тым жақсы бастады. Ойынның бірінші кезеңі алма-кезек шабуылмен, «кеншілердің» сәл ғана басымдылығымен өтті. Бірінші таймда есеп ашылмады.

Екінші таймда қарағандылықтардың шабуыл қарқынын «Ақтөбе» тоқтата білді. Тіпті 56-минутта Марат Хайруллин алыстан соққы бағыттап, алаң иелерін қапы қалдырды. Есеп — 1:0. Алайда бұл есеп ұзаққа бармады. 69-минутта Алексей Сучков есепті теңестірді. Ал 78-минутта Андрей Финонченко есепті 2:1-ге жеткізді. Осылайша ақтөбеліктер жеңіліс тауып, Кубок жолындағы жарысты жалғастыра алмайтын болды. Сонымен Кубок үшін бәсекеде «Ақтөбе» футболшылары «Шахтерден» осымен қатарынан алтыншы рет жеңіліп қалды.

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button