Спорт

Жеңімпаздар ертең анықталады

Теннис

Сейсенбі күні Кірпішті ауылында орналасқан теннистен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің теннис кортында теннистен облыс әкімінің жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды.

1996-1997, 1998 жылдары туған ер және қыз балалар арасындағы турнирге Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Атырау қалаларының жас теннисшілері қатысуда. Қазақстан құрама командасы сапында өнер көрсетіп жатқандықтан Астана, Шымкент қалаларының спортшылары келе алмады. Сондай-ақ қаржы қиыншылығына байланысты Ресейдің Орынбор және Орск қалаларынан да балғын теннисшілер келмей қалды.

Жарыстың бас төрешісі Борис Барановтың айтуынша, турнирге қатысып жатқан теннисшілердің шеберліктері жоғары, түрлі жарыстардың жеңімпаздары. Облыс әкімінің жүлдесі үшін өтіп жатқан турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері ертең белгілі болады.

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button