Жаңалықтар

Ақтөбе облысында алғаш рет коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі Ақтөбе облысында коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелгенін хабарлады.

«Коронавирус инфекциясын жұқтыруға қатысты тағы бір оқиға Ақтөбе облысында тіркелді» делінген хабарламада.

Жалпы қазірге дейін елімізде коронавирус жұқтыру оқиғасы бойынша  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша — 31 адам, Алматы қаласында — 24 адам, Қарағанды қаласында — 2 адам, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, жалпы 59 науқас тіркелді.

Құрметті оқырмандар, бұл тараптағы мән-жай ертең сағат 9.00-де @aqtobe_press тікелей эфирі арқылы толық айтылатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button