Басты жаңалықтарЭкономика

Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығы

Форум

26 ақпанда, сәрсенбі күні Үкімет басшыларының қатысуымен Хорезм облысының Үргеніш қаласында «Агроөнеркәсіптік кооперация, өнеркәсіп және туризм саласындағы аймақтық бизнестің ынтымақтастығы» тақырыбында Өзбекстан мен Қазақстанның аймақаралық ынтымақтастығының II форумы өтті.
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мен Науаи облысының  басшысы Кобул Турсунов  өзара түсіністік пен ынтымақтастық  туралы меморандумдарға қол қойды.

Сонымен қатар, өнеркәсіп саласын одан әрі дамыту мақсатында  Ақтөбе облысының өнеркәсіптік кәсіпорындары алдағы 5 жылға жалпы сомасы 120 млн доллар болатын келісімшарттарға отырды.

Алдағы уақытта  Ақтөбе облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы тауар айналымын 2 есеге арттыру көзделіп отыр. 2019 жылы екі жақтың тауар айналым көрсеткіші 32 млн АҚШ долларын құрады.

Форум аясында  жетекші кәсіпорындардың көрмесі өтуде. Оған  Ақтөбе облысынан  «Ақтөбе рельс арқалығы» зауыты, «Грант-Адал»  ЖШС, «Эпсилон-Груп» ЖШС, «Жаңа Әлжан ұн зауыты» ЖШС, «Ақтөбе Фудс» ЖШС, «Айбек» ауыл шаруашылығы өнімдерін тұтыну кооперативі  ЖШС келушілерге өз өнімдерін жан-жақты таныстыруда.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button