Жаңалықтар

Жеке үлестің жалғасы

Еріктілер жылы

Жастар жылының жалғасы болған Еріктілер жылында Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен «Қоғам және волонтер» атты кездесу кеші өтті.

Кездесуге облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы, «Volonter- 2020», «Жас сақшы жасағы», «Ақтөбе жастары», «Үміт нұры», «Жүректен жүрекке», «Ақтөбе қайырымды жандар», «Стимул» секілді еріктілер топтарының басшылары қатысты.

Шара қатысушыларды ұзынсонар баяндамамен жалықтырмай, жанды әңгіме тұрғысында өрбіді. Мұнда волонтерлер жасаған игі істерімен, жеткен жетістіктерімен, алға қойған жоспарларымен бөлісіп, қатысып отырған оқушыларды өз еріктерімен волонтер болуға шақырды.

Бүгінде әлем халқының 970 миллионы волонтер болса, әрбір сегізіншісін біздің елдің волонтерлері толықтырып отыр.

Еріктілік — өзін еріктімін деп санайтын әрбір жастың, әрбір азаматтың өзінің жеке жан қалауымен осы қоғамға кішкене болса да қосатын үлесі. Бұл — жастардың бойында азаматтық позицияны, патриоттық сезімді оятатын бағыттардың бірі.

Сондай-ақ, волонтерлық іске араласу жастарды осы қоғамға бейімдеп, келешекте өзінің отанына, қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға бейжай қарамайтын, оған өзіндік үлесін қосуға шақыратын бірден-бір платформа деп айтсақ болады.

Әйгерім ЖАРҚЫНҚЫЗЫ,

облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының бөлім меңгерушісі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button