Жаңалықтар

Грантқа ие болған әке

Қобда ауылының тұрғыны, көпбалалы әке Асылбек Көптілеуов  «Еңбек» бағдарламасы арқылы грант ұтып, қазір ауылда дәнекерлеуші қызметін ашып отыр.

— Төрт балам бар. Әйелім үйде бала күтімімен отыр. Өзімнің тұрақты жұмысым жоқ. Әр жерге барып еңбек етемін. Бірақ бір іспен айналыспасаң, отбасын асырау оңай емес. Ойлана келе, «Еңбек» бағдарламасы бойынша конкурсқа қатыстым. Бағдарламаның бірінші бағытында дәнекерлеуші мамандығын оқып, сертификат алдым. Кейін  252 500 теңге қайтарымсыз грантқа ие болдым. Ақшаны алғаннан кейін Ақтөбеден дәнекерлеу ісіне қажетті құрал-жабдықтарды сатып алдым, — дейді Мейрамбек Көптілеуов.

Қажетті құрал қолға тиген соң тапсырыс берушілер көбейіпті.

Негізгі жұмыс көктемде басталады. Үйдің қақпасын жасау, жөндеу, өзге де құрылысқа қатысты жұмыстардың барлығын жасаймын. Кейде аудан орталығынан бөлек, Ақтөбеден де тапсырыстар түседі, — дейді Мейрамбек Атласұлы. Ол болашақта осы ісін кеңейтуді ойлайды.

Аталған бағдарлама ауылдағы жұмыссыз азаматтарға үлкен көмек болып отыр.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button