Жаңалықтар

Балама схема. Мобилді қосымша

Байқау

«Дарын» республикалық орталығының ғылыми жобалар байқауында  Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Айнұр Бисеналина мен Ақжібек Хайрулла күміс жүлдегер атанды.

Айнұр мұнай қалдықтарын ыдырата алатын микроорганизмдер бойынша жоба жасап шығарды. Бұл бұрын-соңды елімізде қолданылмаған. Жоба негізінен табиғатты қорғауға бағытталған, дәлірек айтсақ, оқушы бактериялар белсенді түрде бөліну үшін оларды жергілікті жағдайда сынайды.

—  Осы реакцияның нәтижесін қолдана отырып, буды  түрлендіру арқылы  сутегінің балама түрінің схемасын құрдым, —  дейді Айнур.

Ал Ақжібек  облыстың  танымал тұлғалары туралы мобильді қосымша жасап шығарды. Қосымшаның көмегімен аймақтың танымал адамдарының жетістіктері туралы қызықты деректерді табуға болады.

Бұл ғылыми сайысқа 14 өңірден және  республикалық білім беру ұйымдары мен зияткерлік мектептерден 700-ден астам дарынды оқушы қатысты. Жарыстың нәтижесінде еліміздің ұлттық құрамасы Анахаймда (Калифорния, АҚШ) өткізілетін Intel ISEF-2020 халықаралық студенттер байқауына қатысады.

Өткен оқу жылында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Нұрдәулет Таумергенов пен Карен Долмағанбетов ұлттық құрамаға енді. Олар жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары атанғаннан кейін «Intel ISEF-2019» ірі халықаралық байқауға қатысу құқығына ие болды.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button