Жаңалықтар

Қызмет көрсету компаниясындағы еңбекақы: анығы қайсы?

«Шығыс мұнай және сервистік қызмет көрсету» ЖШС басшылығы әлеуметтік желілерде шетелдіктердің еңбекақысы жайында тараған мәліметтерге қатысты түсініктеме берді.
Бұдан бұрын облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов компанияға әлеуметтік желілерде таралып жүрген есеп айырысу парақтарына қатысты сауал жолдаған болатын.
«13 разрядтағы жетекші инженерлер Ли Мэн мен Ши Вэ Ньюдің әлеуметтік желілерге таралған есеп айырысу парақтарында шетелдік мамандардың тек есептелген жалақысы ғана емес, сонымен қатар, талап етілмеген айлықтары туралы да мәліметтер бар. Өйткені олардың екінші деңгейлі банктерде есепшоттары жоқ. Бұл қызметкерлер вахталық жатақханаларда тұрады және ақша сақтауға жағдайлары болмағандықтан ақшаларын компанияның бухгалтериясында қалдыруға мәжбүр. Жұмысшылар келісімшарт мерзімі ішінде өз айлықтарын қолдарына алмаған, есеп айырысу парақтарында олардың 12 айда жиналған сомалары көрсетілген, себебі олардың келісімшарттарының мерзімі әлі аяқталған жоқ. Шын мәнінде олардың еңбекақылары 190-200 мың теңгені құрайды.
Сондай-ақ, ҚР Заңнамасына сәйкес компанияда біліктілігі бірдей және жұмысты бірдей көлемде атқаратын шетелдік және қазақстандық жұмысшылардың жалақысы бірдей. Қажет болған жағдайда біз жұмысшылардың еңбек құқығын сақтау үшін еңбек инспекциясының құзырлы мемлекеттік орган ретінде компания қызметін тексеруіне бастамашылық етуге дайынбыз», — деді «Шығыс мұнай және сервистік қызмет көрсету» ЖШС бас директоры Чжан Баоцзюнь.
Шетелдік және жергілікті мамандардың тең еңбекақыларына байланысты бұл мәселе облыс басшылығының қатаң бақылауында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button