Жаңалықтар

Қарттарға құрмет көрсетті

Акция

«Жүректен жүрекке» акциясы аясында қаладағы №19 мектеп оқушылары №1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, қайырымдылық шарасын өткізді. 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім»  кіші бағдарламасы бойынша «Кіші Отанды қолдау» іс-шарасын  жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған шараға мектеп оқушылары біркісідей атсалысты.

Мектеп өнерпаздары тағдыр тәлкегіне түскен ата-әжейлерге мерекелік бағдарлама ұсынса, жоғары сынып оқушылары қарттар үйінің маңайын қардан тазалады.

— Мектеп ұжымы қайырымдылық шараларын жиі ұйымдастырып тұрады. Басты мақсат — жастайынан үлкенді сыйлап, құрметтеуге тәрбиелеу. Сонымен қатар қайырымдылық жасауға баулу. Бүгінгі шарамыз мектептегі «Өзін-өзі тану апталығы» аясында өтіп жатыр. Бұған дейінгі апталықтарда  мектепте қайырымдылық концертін ұйымдастырып, түскен қаражатқа балалар үйіне қажетті керек-жарақтар апаратын едік. Бұл жолы қазыналы қарияларымызға мерекелік көңіл күй сыйлауды жөн көрдік, — дейді өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Гүлзат Данабекова.

Шара соңында оқушылар қауымы қариялармен естелік суретке түсіп, ата-әжелерінің батасын алды.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button