Спорт

Жүлдегерлер — жас басшылар

Жуырда  Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында бокстан Кеңес Одағының Батыры Бейсен Оңтаевты еске алуға арналған XXVIII  дәстүрлі халықаралық турнир өтті. Жасөспірімдер арасында өткен сайыста 184 спортшы бақ сынады.

Жарысқа Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен жас боксшылар қатысты. Бұл турнирге қаламыздағы  бокстан олимпиада резервін даярлайтын балалар мен жасөспірімдердің облыстық мамандандырылған спорт мектебінен 7 спортшы  аттанған болатын.  Болат Қойшыбаев жаттықтырған жастар жүлдесіз оралған жоқ.  Әділет Дәмешов бірінші орынды иеленсе, Жәнібек Қартбаевпен  Думанолла Икошаұлы үшінші орынға ие болды.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button