Жүгірді, футбол ойнады
Елбасымыз Н. Назарбаевтың Жолдауында айтылған салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында елімізде жыл сайын республикалық «Денсаулық фестивалі» өткізіледі.
Өткен аптаның аяғында Хромтау аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімі мен аудандық аурухананың ұйымдастыруымен «Дұрыс тамақтан! Спортпен айналыс! Денсаулығынды сақта!» ұранымен «Денсаулық фестивалі-2010» өтті.
Фестивальдің ашылуына қатысқан аудан әкімі А.Османғалиев хромтаулықтарды шараның ашылуымен құттықтап, барлық тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Фестивальға ауданның 5 мектебі, № 4 кәсіптік лицей оқушылары, темір жол колледжі филиалының студенттері, аурухананың жеке құрамы және мемлекеттік қызметшілер қатысты. Жүз метр қашықтыққа жүгіруден ер балалар мен қыз балалар арасында жеңімпаздар анықталып, сыйлықтарға ие болды.
Хромтау ауданының құрылғанына 75 жыл толуына орай ұйымдастырылған шағын футболдан 6 команданың қатысуымен өткен тартысты жарыста жүлделі бірінші орынды «Восход-Oriel» ЖШС командасы, екінші орынды «Хромтау тау-кен байыту әскерилендірілген құтқару жасағы» командасы, үшінші орынды аудандық ішкі істер бөлімі командасы иеленді.
Жүлделі орын алған барлық жарысқа қатысушыларды аудан әкімі А.Османғалиев мақтау қағаздарымен марапатталды.
М. САПАРОВ,
«Хромтау аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ
бас маманы



