Арқайым — өткен заман өрнегі
Көрме
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Арқайым — қалалар елі: кеӊістікпенбейнелер»халықаралықфотокөрмесіашылды.
Көрме қола дәуірінің әлемге танымал Арқайым ескерткішінің ашылуының 30 жылдығына, «Сынташты» мәдени-тарихи кешенінің зерттеле бастауының 45 жылдығына және әлемге қалалар елін ашқан археолог, профессор Г.Б.Здановичтің 80 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр.
Шараның ашылу барысында облыстық мәдениет басқармасы өнер және тарихи-мәдени мұра бөлімінің басшысы Жанар Мақсотова сөз сөйлеп, бұл көшпелі көрменің орны ерекше екенін атап өтті. «Арарат» Халықаралық академиясыныңкорреспондент-мүшесі Юрий Зуйков «Арқайым» ескерткіші туралы толық түсіндірді. Сондай-ақ, көне жәдігерлерді жинақтап, көрме жұмысына атсалысқан музей басшысы Мейрам ДүйсенғалиғаАлғыс хат табыстады. Орталық музей барша келушілерді ОңтүстікОралдыңмәденифеноменіменжәнеүндіеуропалықтұрғындарөркениетіментаныстырып, бейнебаян арқылы деректі фильмі көрсетілді.
Арқайым ежелгі адамзат өркениетінің бір бөлігі саналады. Ол — Ресей Федерациясы Челябы облысының оңтүстігінде орналасқан қола ғасырдағы бекініс. Көлемі, құрылымдық сипаты, ғылыми деректерініңмолдығыменмаңыздылығыжағынантарихшыларменархеологтарүшін мыңызыөтезор бұл ескерткіш 1987 жылы ашылған. Содан бері кеңкөлемдіғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп келе жатыр. Бұл шеңбердің ескерткіштері б.з.д. III-II мыңжылдықтарға жатады. Арқайым — қонысы екі шеңберліжалтүріндесалынған, ортасындақұрылыссалынбаған төртбұрышты алаңыбарбекініс.
Фотокөрме стендтерінде «Қалалар елі» ескерткіштерінің географиялық орналасуы; бекіністі және бекініссіз қоныстардың аэрофототүсірілімдерінің мағынасын ашатын материалдар, әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі археологиялық қазба жұмыстарының фотолары, сол сияқты тірі табиғат пен онға жуық бекіністі қоныстардың бүгінгі жағдайы туралы авторлық фотосуреттерде берілген.
Көрме бір ай бойы жалғасады. Осы уақыт ішінде қала тұрғындары мен қонақтары орталық музейге келіп тамашалауға болады.
Қуат ӘБІЛҚАЙЫР,
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану
музейінің баспасөз қызметкері.