Денсаулық

Медициналық бетперде жеткілікті

Анық-қанық

Соңғы аптада Ақтөбеде медициналық бетперде, яғни маска сатып алушылар көбейген. Тұрғындардың көпшілігі медициналық бетперде іздеп, дәріхана аралап жүр.

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәбит Искендировтің айтуынша, халықтың алаңдауына негіз жоқ. Күн сайын мониторинг жасалып отыр. Қазіргі күні 78 мың дана медициналық бетперде дәріханаларда сатылып жатса, 76 мың данасы дәріхана қоймаларында тұр. Сондай-ақ көтерме саудамен айналысатын дәріханаларға 35 мың дана бетпердеге тапсырыс берілген. Қазақстанда медициналық бетперде шығаратын үш зауыт сұранысты толық өтейді.

Қыстың осы уақыты  тұмау секілді аурулардың эпидемиологиялық кезеңі болғандықтан, жыл сайын осы кезеңде маска сатып алушылар көбейеді. Оның үстіне коронавирус көпшілікті үрейлендіріп отыр. Елімізде коронавирустың алдын алу және сақтық шаралары жасалып жатыр. Бірде-бір адам тіркелген жоқ. Сондықтан жалған ақпарат таратып, жұртшылықты  қорқытпаған жөн,— дейді Сәбит Искендиров.

Қазіргі таңда медициналық бетперде 15-25 теңге аралығында сатылып жатыр.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button