Жаңалықтар

Кітаппен емдел!

Акция

Ақтөбе медицина орталығында «Кітаппен емдел!» акциясы өтті.

Шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және «Leader-Q» қоғамдық бірлестігі «Ізгілік елшісі» жобасы аясында ұйымдастырды.

Адамдарды кітап оқуға қызықтырып, еріктілердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткізілген шарада Ақтөбе медицина орталығында ем алушыларға кітаптар үлестірілді. Кітаптар С.Бәйішев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының қолдауымен қала тұрғындары мен еріктілердің арқасында жиналған болатын.

Акцияны ұйымдастырушылар емделушілердің кітаптарды оқып болғаннан кейін өздері секілді адамдарға ұсынатындарына үміттенеді. Кітап оқудың бұл әдісін кітапханашылар «буккросинг» деп атайды.

Зүлфия НАБИУЛИНА,

«Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің баспасөз хатшысы.  

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button