Құқық

Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды

Ақтөбе облысының дін істері басқармасы тұрақты түрде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді. Нәтижесінде бірқатар заңсыздықтар анықталды. Мәселен, қала тұрғыны Дәметкен Құлтаева діни уағыздарды кедергісіз жүргізу туралы тиісті құжатының жоқтығына қарамастан,  дін ұстанушылары арасында уағыз, насихат жүргізген. Азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 490-бабы бойынша, яғни миссионерлік қызметті тіркеусіз жүзеге асырғаны үшін 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ Вконтакте әлеуметтік желісіне де мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүруде. Облыстық дін істері басқармасының мәліметінше, өткен жылдың 4 тоқсанында 20-дан аса аккаунтқа діни сараптама жүргізіліп, 2 адамға әкімшілік хаттамалар толтырылып, ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 453-бабы 1-тармағы бойынша 50 500 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Әкімшілік жазаға тартылған азаматтармен теолог мамандар арнайы профилактикалық жұмыс жүргізіп жатыр.

Департаментте  8 776 074 17 07 сенім телефоны жұмыс жасайды.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button