Әкімдер есебі

Ауызсу мәселесі шешіледі

Әйтеке би ауданының әкімі Мәди Елеусізов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының өткен жылғы қорытындысы бойынша ауылдық округтерді аралап, есеп беріп жүр.

Ақкөл, Қызылжұлдыз, Үшқатты,  Жамбыл ауылдық округтерін аралап, тұрғындармен кездесті.

Ақкөл ауылында өткен жиынға облыстық  индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дархан Ермағамбетов қатысты.  Аудан әкімі өткен жылғы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Ауылдағы ауызсу мәселесінің де шешілетінін айтты. Қызылжұлдыз ауылында өткен кездесуде Мәди Елеусізов пен округ әкімі Азамат Сатбеков есеп берді. Үшқатты ауылдық клубында өткен жиында да аудан әкімі атқарылған шаруаларды баяндады. Ауыл тұрғындарының барлығы есепті мұқият тыңдап, көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойды. Көгілдір отын, шекара бекетін ашу, ауызсу секілді мәселелерді ортаға салды. Аудан әкімі сұрақтардың барлығына жауап берді. Қолға алынатын шаруаларды айтты. Төрт округтің тұрғындары әкім есебіне оң баға берді.

«Әйтеке би ақпарат».

Басқа жаңалықтар

Back to top button