Жаңалықтар

Қожабаевтың трансформаторлары — Ақтөбеде

Кеше Ақтөбе облысының кәсіпкерлік палатасында «Alageum Elektric» холдингі өңір кәсіпкерлеріне «Кентау трансформатор зауыты» мен Шымкенттегі «Asia Trafo» зауыттарынан шығарылатын трансформаторларын таныстырды. Бұл — мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауына сәйкес, ірі кәсіпорындар жанынан шағын және орта бизнес белдеуін құру, отандық тауар өндірушілерді қолдау, өңіраралық кооперацияны күшейту мақсатында облыс әкімдігі мен «Атамекен» ҚР ҰКП бірлесе атқарып жатқан шаралардың қатарына кіреді.

Екі зауыттың басын біріктіретін холдинг Ақтөбе облысының ірі кәсіпорындарына қуаттық кернеуі 110, 220, 500 кВТ болатын күштік трансформаторларды ұсына отырып, 1960 жылдан өнім шығаратын Кентау трактор зауытының негізінде құрылған жаңа кәсіпорынның  қайта жарақтандырылу тәжірибесімен бөлісті.

Ақтөбелік тауар өндірушілер  қуат көздерін үнемдеу бағытындағы өз кәсіпорындарының тәжірибелерімен бөлісті. Себебі, қазіргі кезде  өндіріс орындары өнімділігі жоғары, артық шығын жұмсамайтын қуатты жабдықтарды үнемі қажет етіп отырады. Осы жерде ақтөбелік кәсіпкерлер негізінен Кентаудан шығарылатын  электр және автотрансформаторлардың сапасы, өнімнің жарамдылық мерзіміне көбірек қызығушылық танытты.

Кентау мен Шымкенттегі трансформатор бизнесінің авторы, холдинг директоры Сайдулла Қожабаев еліміздің батыс рыногын мықтап игеруге кіріскен. Жақында Орал қаласында холдинг трансформатор зауыты ашылды. Бұл жаққа Шымкент пен Кентаудан трансформатор тасығаннан гөрі, Оралдан жеткізу әлдеқайда жылдам және уақыт үнемдейді дейді холдинг қызметкерлері.

                                                                            Баян СӘРСЕМБИНА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button