Мәдениет

Ақжайық өнерпаздары ән салды

«Алақай» қуыршақ театрында  Орал қаласынан келген Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы «Дала дидары» атты әдеби-сазды кеш өткізді.

Кештің ашылуында орталық жетекшісі, белгілі ақын Бауыржан Халиолла орталықтың негізгі мақсаты ақын өлеңдерін насихаттау, есімін ұлықтау екенін айтты. Шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов  Қадыр Мырза Әлінің шығармаларының мазмұны терең екенін айтып, Ақжайық өңірінен келген өнерпаздар мен орталық өкілдеріне ризашылығын білдірді. Облыстық «Ақтөбе» газетінің редакторы Бауыржан Өтеулиев ақын туралы қызықты оқиғаларды әңгімелеп берді.

Кеште Ақжайық өңірінен келген өнерпаздар  Қадыр Мырза Әлінің сөзіне  жазылған әндерді шырқады.  Өнерлі жігіттер ақынның афоризмге айналған даналық ойлары мен өлеңдерін  оқып берді. «Басқұр» тобы мен Жаңылсын Хасанованың әсем әндері көпшіліктің көңілін көтерді. Театрға жиналған жұртшылық ақын жырларымен сусындап, жанды дауыста ән тыңдап, күмбірлеген күймен көңілдерін көтеріп қайтты.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button