Пікір

Жаңа міндеттер жүктейді

Жайнагүл ТҰРҒАНБАЙ,

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік

мемлекеттік университетінің оқытушысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарға арнағаналғашқы Жолдауында халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер айтылған.

Оның ішінде Президент қазіргі жаһандану дәуірінде сапалы білім беру қарқынды дамудың басты шартына айналатындығын баса көрсетті.

Бұл өз кезегінде жоғары оқу орындарына жаңа міндеттер жүктейді. Бүгінде сұранысқа ие мамандарды даярлау мақсатында еліміздің жетекші университеттерінде жүйелі жұмыстар атқарылуда. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін және дарынды балаларды қолдау мақсатында мемлекеттік гранттардың саны артуда. Сондай-ақ аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан білім алушыларды қолдау мақсатында жеңілдіктер қарастырылып, студенттер толықтай жатақханамен қамтылуда.

Мемлекет басшысы ұстаздардың әлеуметтік жағдайына да баса назар аударды.

«Мен тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысын екі есе арттыруды тапсырдым. Бұл — келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз», — деді Президент өз Жолдауында. Сонымен қатар ұстаздар қауымының мәртебесін арттыруға қатысты шараларды дереу қолға алуды тапсырды.

Қорыта келгенде, Жолдауда айтылған барлық жаңа міндеттерді қолдап, бірлесе атсалысуымыз керек.

Кәсіпкерге қолдау бар

Ел экономикасы дамуы үшін кәсіпкерлік саласына қолдау болуы тиіс. Бұл ретте елімізде үлкен жұмыстар жасалып жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында микро және шағын бизнес саласындағы компанияларды табысқа салынатын салықтан үш жылға босату үшін заңнамалық база әзірлеуді тапсырды.  Заңнамадағы түзетулер 2020 жылдан бастап күшіне енеді.  Бұл —  кәсіпкер үшін үлкен мүмкіндік. Сонымен бірге келер жылдан бастап микро және шағын бизнес субъектілері үш жылға дейін тексерілмейді. Әрине, бұл ісін енді бастаған кәсіпкерлерге үлкен көмек болары сөзсіз.

Мемлекет басшысы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды, өзге де ережелерді бұзған компаниялар жауапкершілікке тартылатынын да айтқан. Бұл да орынды сөз. Бизнесті қолға алған адам тұтынушы мен азаматтардың алдында жауапты болады және сондықтан өз ісін адал жүргізуі керек. Осы ретте Мемлекет басшысының ұсынысын қолдаймын.

«Даму» қорының өкілі ретінде мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан қаржылай қолдау туралы да айтқым келеді. Қазір «Еңбек» бағдарламасы бойынша қор арқылы несие алып, ісін бастаған тұрғындар көп. Ал салыққа қатысты жаңа талап күшіне енсе, шағын кәсіпкерліктің дами түсері анық.

Бауыржан ДАРҚҰЛОВ,

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ақтөбе филиалының бас менеджері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button