«Құстың қос қанатындаймыз…»

Отбасы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Ақтөбе қаласының 150 жылдығы аясында жастар Есмурзиндер халықтық отбасылық ансамблімен кездесті. Облыстық халық шығармашылығы орталығының мұрындық болуымен өткен мәдени-сазды кеш Ақтөбе гуманитарлық колледжінде ұйымдастырылды.
«Бақытты отбасы» деп аталған шараның мақсаты — ұлттық құндылықтарды жаңғырту, отбасы мен некенің үлгісін жігіттер-қыздарға насихаттау, жалпы ұлы сезім — махаббаттың қадір-қасиетін ұғындыру.
Кеште төрт баланың ата-анасы Нұржан мен Венера Есмурзиндер өз өнерін ортаға салып, атадан балаға жалғасып келе жатқан дәстүрлер, отбасы құндылықтары жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ колледж оқушыларының сұрақтарына жауап беріп, отбасындағы береке-бірлік, татулықты қалай сақтап қалуға болады, сол туралы кеңінен әңгімеледі.
— Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп жазған болатын. Соны негізге алып, құндылықтарымыздың басты қағидасының бірі — отбасылық құндылықтарымызды жастар арасында ұлықтауға тырыстық. Өйткені өңірге белгілі Есмурзиндер халықтық отбасылық ансамблі — отбасы дəстүрін, ұлтмәдениетіннасихаттапкележатқанөнерұжымы. Биыл ансамбльдің құрылғанына 16 жыл толып отыр, — дейді облыстық халық шығармашылығы орталығының қызметкері Гүлнар Сейталина.
Кездесуге балаларымен келген өмір мен өнерде қол ұстасқан жұп соңында көрермендермен естелік суретке түсіп, барлығына қай істе болсын, сәттілік тіледі.
Айбек СЕРІКҰЛЫ.