Ауыл

Ауыл имамына үй берілді

Акция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен қолға алынған республикалық «Ел үлесі — пәтерге» акциясының аясында біздің облыста тағы бірбаспана берілді.

Өңірдегі өкіл имам, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Төлеби қажы Оспан Темір ауданына арнайы барып, «Шұбарқұдық кәсіпшілігі» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Сабырғалиевке үйдің кілтін табыстады. Бұл —аталған акция аясында біздің облыста — бесінші, ел көлемінде берілген 126-шы баспана.

Қуанышты шараға қатысқан Темір ауданының бас имамы Мадияр Пірімқұлов пен жергілікті қариялар ауыл имамын жаңа қонысымен құттықтап, сөз сөйлеп, өздерінің ақ тілектерін жеткізді.

Нұрлыбек Мұсағалиұлыбиылғы жазда «Шұбарқұдық кәсіпшілігі» мешітін жөндеуден өткізіп, аумағын қоршатып, ғибадатхананың жаңартылуына көп еңбек сіңірген еді.

Біз жас имамға: «Қоныс құтты болсын!», — дейміз.

 Гүлсамал ТӨРЕДИНҚЫЗЫ,

облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз хатшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button