Әлеумет

АЛАЯҚТАРҒА АЛДАНБА!

Қаржы

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (АӨҚО ҚРА) 2007-2011 жылдарға арналған ҚР халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттыруға байланысты кезекті мақаласын ұсынып отырмыз.

Күтпеген жерден Сізге банктен несие бойынша алған қарызыңызды өтеу туралы талабы бар хат келсе және сіз бұл несие туралы алғашқы рет естіп тұрсаңыз, не істеу қажет? Соған қоса, сіз несие алмағанмен, банкке бұл мақсатта ұсынылған құжаттар нағыз сіздің құжаттарыңыз болып шықты делік.

Анастасия азық-түлік дүкенінде сатушы болып жұмыс істейді. Кішігірім жалақысы бар. Күйеуі Андрей сол дүкенде күзетші. Отбасы несие алуды жоспарламаған, тіпті ұмтылып та көрген емес. Бір күні пошта жәшігін тексерген Анастасия банк мәлімдемесі бар хатты табады. Онда Анастасияның банкке 367 мың теңге қарыз екені көрсетілген. Сонымен қатар мәлімдемеде Анастасия несиені өтемеген жағдайда банк оны сотқа беретіні туралы хабарланыпты.

Келесі күні жас жұбайлар банкке келіп құжаттарды тексеруге кіріседі. Барлық құжаттардың түпнұсқасы ұсынылған болып шығады. Несие қала дүкендерінің бірінде қымбат техниканы сатып алу мақсатында рәсімделгені анықталады. Біраз уақыт ойлана келе Анастасия осыдан үш ай бұрын, адамға толы автобуста бара жатқан кезде, әмияны ұрланғанын және оның ішінде жеке куәлігі, т.б. құжаттары болғанын есіне түсірді.

Мұндай мысалдар жетіп артылады. Бүгінгі таңда, Қазақстанның құқық қорғау органдарының белсенді жұмысына қарамастан, елімізде несиелік алаяқтық гүлденіп жатыр.

Ешбір адам құжаттарын жоғалтудан сақтандырылмаған: таксиде қалып қояды немесе ұрылар әкетеді. Жоғалтылған немесе ұрланған құжаттардың тағдыры қандай боларын болжау және қиын. Бірақ құжаттарыңыз алаяқтардың қолына түскен болса, бұл жамандықтың басы деп біліңіз – әртүрлі жерлерден және әртүрлі сомаларға сіздің атыңызға несие рәсімделу мүмкіндігі арта түседі.

Тұтынушылық немесе экспресс-несие рәсімдеу үшін талап етілетін құжаттар саны өте аз: жеке куәлік, СТН, ӘЖК. Алаяқтар осыны пайдалануда. Әрине, несие рәсімдеу кезінде өкілетті банк қызметкері құжаттарды мұқият тексеруі тиіс. Қарапайым тілмен айтқанда, несие алуға келген адам мен жеке куәліктегі сурет салыстырылуы тиіс. Дегенмен агенттің бұл процедураны ұмыт қалдыруы мүмкін екендігін де ескерген жөн.

«ҚР банктер мен банктік қызмет туралы» ҚР заңына сәйкес қарыз алушының банк, ипотекалық ұйым тарапынан өзі туралы және жасалынатын мәміле туралы мәліметтерді (қарыз алу операциясы) несиелік бюроның мәліметтер базасына ұсынылуына келісім беруі міндетті шарт болып табылады.

Осылайша, банктік қарыз алу туралы шартқа қол қоя отырып, яғни адам өзі туралы ақпараттың несиелік бюро мәліметтер базасына енгізілуіне рұқсатын бере отырып, өз несиелік тарихын қалыптастыра бастайды. Бұл өте үлкен маңызға ие және оған адам қайда және қашан қарыз алу үшін жүгінгендігі туралы және қарызды қаншалықты ұқыптылықпен өтегендігі туралы ақпарат енгізіледі. Бір сөзбен айтқанда, қарыз алушының сенімділігі туралы ақпарат оның несиелік тарихынан бейнесін табады. Екінші немесе үшінші рет қарыз алу үшін банктік ұйымға жүгіну кезінде, банктер оны бағдар ретінде ескеретін болады.

«Сәйкесінше, жоғалтылған немесе ұрланған құжаттар бойынша рәсімделген несиелер де несиелік тарихтан бейнесін табады. Әдетте банк өздерінен қарыз алушының алаяқтардың арбауына түскендігі туралы хабардар бола бермейді. Оған қоса, алаяқтар өз әрекеттерінің неғұрлым кеш анықталуын қамдастырып, несиені өтеу мерзіміндегі алғашқы төлемдерді өздері жасап тұрады», — деп түсіндіреді мұндай жағдайды ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (ҚҚА) қызметкерлері.

ҚҚА кеңесі бойынша, жеке құжаттарыңыз жоғалған жағдайда, ең алдымен, құқық қорғау органдарына хабарласу қажет. Атап айтқанда, өз мекен-жайыңыз бойынша миграциялық полицияға хабарласқаныңыз жөн. Өтініш жазып, онда төлқұжат немесе куәлігіңізді қайда және қандай жағдайларда жоғалтқаныңызды көрсете отырып, тұрғындарды есепке алу кітабы (үй кітапшасы) мен өз суреттеріңізді қоса ұсыну қажет. Туу туралы, неке туралы және әскери билетіңізді ұсыну қажеттілігі де туындауы мүмкін.

Сонымен қатар сіздің атыңызға несие рәсімдеу мүмкіндігі туралы ақпарат алу мақсатында несиелік бюроға хабарласуға болады. Рәсімделген банктік несиелер туралы мәліметтер анықталған жағдайда, қаржы ұйымына жағдайды анықтау мақсатында, құжаттарды жоғалтқандығыңызды растайтын құжаттарды қосып, өтініш жазу қажет.

А. МЫРЗАҒАЛИЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button