Әлеуметтік дүкен және қолжетімді баға

Ақтөбе қаласы тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арнайы әлеуметтік дүкендерде және сауда желісінде төмендетілген бағада ұсынылады.
«Табыс» коммуналдық базары мен әлеуметтік дүкендер желісі арқылы форвардтық келісім негізінде қарақұмық, күріш, қант, күнбағыс майы, сәбіз, картоп және қырыққабат сияқты негізгі азық-түлік өнімдері қолжетімді бағада сатылып жатыр. Бұл бастама тұрғындардың әлеуметтік жүктемесін азайтып, маңызды азық-түлікке қолжетімділікті арттыруға бағытталған.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қаланың мына мекенжайындағы сауда нүктелерінде сатылады:
1. Рыскұлов, 4 «Б»
2. Тұрғындар қалашығы, Бейбітшілік даңғылы,15 «Б»
3. Есет батыр, 109
4. 12-шағын ауданы, 16 «М»
5. 11-шағын ауданы, 77 «Б»
6. 11-шағын ауданы, 25 «Ф»
7. Жағалау, 68
8. Әуе қалашығы, 5
9. Гостепова, 15 «Б»
10. Кереев, 4 «Б»
11. Есет батыр тұрғын алабы,12
12. Сазды ауылы, Әнеге, 4 «Б»
13. Күндіз ауылы, Бөкенбай батыр,131 «А»
14. Сәңкібай батыр даңғылы, 24 «Н».
Сондай-ақ «Анвар» (37 дүкен) және «Дина» (23 дүкен) сауда желілерінде сатылады.
Айналым қарызы аясында сауда үстемесі 7 пайыздан аспайтын тауарлар тізбегінде ұн, рожки, тауық және сиыр еті сатылымда.
Арайлым НҰРБАЕВА.



