Ақтөбе облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қорына 4,5 млрд теңге бөлінді

Ақтөбе облысында қыс-көктем мезгілінде тұрғындарды қолжетімді бағада азық-түлікпен қамту мақсатында тұрақтандыру қоры қалыптастырылып жатыр. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 4,5 млрд теңге бағытталған.
«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен келісімшарттар жасап, қажетті өнім көлемін қамтамасыз етті.
Қорға жиналған өнімдер тізімі:
Картоп – 9 024 тонна (100%),
Сәбіз – 2 078 тонна (100%),
Пияз – 1 477 тонна (102%),
Қырыққабат – 2 169 тонна (100%).
Барлық өнім қоймаларға жеткізілер алдында сұрыпталып, сақтауға дайындалып жатыр.
Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тұрақты бағада сатылуы мен дұрыс сақталуы – ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жауапкершілігінде. Ал қордың жалпы қалыптастырылу және мониторинг жүргізу жұмыстары – «Ақтөбе» ӘКК АҚ бақылауында.
Айтып өтейік, тұрақтандыру қоры өңір тұрғындарына маусымаралық кезеңде бағаның негізсіз өсуіне жол бермей, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Д.АЙДАР.







