Құқық

Жыл басталғалы 63 мың электрондық хаттама толтырылған

Брифинг

Сәрсенбі күні ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының басшысы Серік Әбденов өзі қызмет ететін саласындағы цифрлық жобалар төңірегінде брифинг өткізді.

Өңірлік коммуникация қызметінде өткен жиында аталған комитеттің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының тікелей араласуыменмемлекеттік қызметтердің 4 түрі көрсетілетіні айтылды, олар: сотталғанының бар-жоқтығы туралы анықтама, әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы анықтама, мұрағаттық анықтама және прокуратура органдарынан шығарылатын құжаттарға апостиль қою. Аталған 4 мемлекеттік қызметтің 3 түрін www.egov.kz— «Электрондық үкімет» порталы арқылы алуға болады. Ол үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаңыз болуы шарт. Айтпақшы, прокуратура органдарынан шығарылатын құжаттарға апостиль қою қызметін көрсетуге 0,5 АЕК көлеміндегі мемлекеттік баж салығы алынса, қалғаныақысыз ұсынылады.

— Сотталғанының бар-жоқтығы туралы анықтама беру қызметі толығымен автоматтандырылған. Ал әкімшілік құқыбұзушылықтар туралы мәліметтер беру тек қана «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Бұл 15 минут уақытты алады. Мұрағаттық анықтамалар беру де жеңілдетілген. Мұрағаттық анықтама алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе веб-порталға өтініш берсеңіз жеткілікті. Өзіңізбен бірге жеке куәлік, туыстарына ақпараттар алу барысында туыстық дәрежесін растайтын құжаттары болуы керек. Берілген қызметті көрсету мерзімі 30-дан 10 күнтізбелік күнге қысқартылды, — деді Серік Әбденов.

Баспасөз мәслихатында «Электрондық қылмыстық істі» енгізу шеңберінде қолданыстағы «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесі базасында модуль әзірленгені де атап өтілді. Соған сәйкес, Е-ҚІ модулінде қылмыстық іс жүргізу қатысушыларын шақырту үшін SMS-хабарлама жолдау функционалы, қылмыстық істерді жолдау мен санкциялау мәселелерін қарастыру үшін соттармен электрондық өзара іс-қимыл жасау, ҚР ҚПК 105-бабының тәртібімен түскен шағымдар бойынша тіркеу мен жауап беру фунционалы, сараптаманы электрондық форматта тағайындау және алу рәсімдерін жүзеге асыру үшін, құзыретті сот сараптамасы  органдарымен электрондық өзара іс-қимыл жасау және басқа да функционалдары іске асырылып отыр. Бұның нәтижесі де тәуір. Бір ғана дерек, қазіргі уақытта облыста электрондық нысанда 1385 іс тергеп-тексеріліп жатыр екен.

Цифрлық технологияға ерекше мән беріп отырған прокурорлар биылғы сәуір айынан бастап жол полицияларымен әкімшілік хаттамалар планшеттік құрылғылармен толтырылып жатқаны да белгілі болды. Спикердің сөзінше, бұл әкімшілік айыппұлдарды өтеу тәртібін айтарлықтай жеңілдетеді. Бұрынғыдай емес, айыппұлдарды енді онлайн режимде банктердің интернет-ресурстарында – www.kaspi.kz, www.post.kz және www.homebank.kz, сонымен қатар олардың төлем терминалдары немесе мобильді қосымшалары арқылы төлеуге мүмкіндік бар. Жалпы, ресми деректерге сүйенсек, биылдыққа облыстық жол-көлік полициясы 356359471теңгеден аса сомаға айыппұл салып,63171 электрондық хаттама толтырыпты.

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасында азаматтардың уақытын үнемдеу мақсатында Qamqor.qov.kzсайты мен «Qamqor» мобильдік қосымшасының жұмыс істейтінді.Тексеріс жұмыстары кезінде кәсіпкердің актіде көрсетілген QR-кодты сканерлеп алып, тексерушілер туралы, тексерудің мерзімдері мен түрлері, басқа да мәліметтер алуға мүмкіндігі бар.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button