Жаңалықтар

12 ірі қараның еті сатылды

Жәрмеңке

Жергілікті тұрғындар апта сайын ұйымдастырылатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесін асыға күтеді. Өткен апталарда өткен жәрмеңкеде 12 ірі қара мен осы шамалас ұсақ малдың еті әкелініп, саудаланды.

Бұл шараға ауданға қарасты барлық ауылдық округтердің тауар өндірушілері, шаруа қожалықтары белсенді қатысты. Атап айтқсақ, жәрмеңкелерде аудан халқы Тасөткел, Бөгетсай, Қопа, Құдықсай ауылдық округтерінен әкелінген ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алды. Әр округтен 4 ірі қара мен 4 ұсақ малдың еті саудаланды. Сиыр етінің келісі — 1400 теңге.

Сол сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне Аққұдық, Қызылсу, Көктау, Абай, Ақжар, Табантал және Тассай ауылдық округінен де әкелінген ауыл шаруашылығы тауарлары көпшілік назарына ұсынылды.

Л.ӘБДІРОВА,

Хромтау ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button