Жаңалықтар

«Нұрлы жер» бағдарламасына қатысу шарттары жеңілдетілді

Назар аударыңыз!

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспаналы болу бұрынғыдан да қолжетімді болды.Бұл өзгеріс «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» көптеген салымшыларына пәтер алуға мүмкіндік береді.

Қуанышты жаңалықты бөлісуге асықтық. Себебі, әдетте біраз адамның баспаналы болуына осы екі нәрсе кедергі болатын. Жеңілдетілген шарттар туралы бізге «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Ақтөбедегі филиалының өкілі Мақсат Зайытов түсіндіріп берді:

  • Енді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі бұрынғыдан жеңілдетілді. Бұған дейін Ақтөбе қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйді сатып алу үшін үміткердің және отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жылда баспана тіркелмеуі шарт еді. Сондай-ақ Ақтөбе қаласында тұрақты тіркелуі аса маңызды болатын. Бүгіннен бастап бұл ережелер өзгерді, жаңа ереже бойынша банкке құжат тапсырған кезде ғана атыңызда баспана тіркелмеген болса, «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы салынған үйлерге талапкер болуға мүмкіндігіңіз бар.

Сондай-ақ Мақсат Зайытовтың айтуынша, енді Ақтөбе қаласында тұрақты тіркеуде болу да шарт емес, яғни аудандарда тұратын салымшылар да еш кедергісіз «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатыса алады.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button