Жаңалықтар

«Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрда»терроризмге қарсы оқу іс-шаралары өтіп жатыр

Бүгін, 25 сәуір сағат 11:00-13:00 аралығында «Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрда»(Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов – 42 мекен-жайында) Ақтөбе облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабы басшылар мен күзет қызметкерлерінің терроризм қаупіне тосқауыл қою әрекетінің әзірлігін тексеру бойынша оқу іс-шараларын өткізіп жатыр. Оның ішінде персонал мен келушілерді шұғыл эвакуациялау процедурасының тиімділігі тексеріледі.

«Осыған байланысты біз азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын, мүдделі мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз», – деп хабарлады облыстық терроризмге қарсы жедел штабы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button