Денсаулық

Медицина және цифрлық жүйе

Цифрлық жүйеге көшу — заман талабы. Оның ішінде медицинаға аталған жүйені енгізу — кезек күттірмейтін мәселе.  Облыстық тарихи өлкетану музейінде өткен жиында сараптамалық кеңес медицина саласын цифрландыруға қатысты проблеманы талқылады.

Жиында облыстық ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Сергей Беккер бірыңғай техникалық саясат пен ақылды қалалардың эталондық стандартының 11 бағытын синхрондау мәселелерін ортаға салды. Жоба аясында облыста заманауи цифрлық технологияларды енгізу бойынша жұмыс жүреді. Облыстық әкімдік осы жоба бойынша бес негізгі бағытқа баса назар аударып,  ашық диалог алаңын өткізеді. Олар —  денсаулық сақтау, білім беру, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және қауіпсіздік салалары. Осы бес бағыт стандартқа сай жұмыс жасауы тиіс. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, қазіргі күні облыстың 46 медициналық ұйымына ақпараттық жүйе толығымен орнатылған және жүйенің үш түрі енгізілген. Олар — «ДамуМед», «Авиценна», «ҚазМедИнформ». Бұлардан басқа кейбір жекеменшік мекемелер өз ақпараттық жүйелерін қолданады. Мәселен, жедел жәрдем бекеті түріктердің ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс жасайды. Медицина саласын цифрлық жүйеге толығымен көшіру үшін кейбір проблемалар да жоқ емес. Мәселен, шалғай ауылдарда интернет жүйесі әлсіз. Жиында осы мәселе де кеңінен талқыланды. Облыс әкімінің кеңесшісі Владимир Лазарев цфрлық жүйенің медицина саласы үшін айтарлықтай маңызы зор екенін, осы бағыттағы жұмыстарға баса назар аударылатынын айтты. Жиынға қатысқан облыстық мәслихаттың депутаттары мен қаладағы емхана және аудандық ауруханалардың бас дәрігерлері автоматтандырылған  жүйеге қатысты өзекті проблемаларды ортаға салды.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button