Жаңалықтар

Бүгінгі талап — жаңа кәсіби дағды, бастамашыл кадрлар

Мемлекеттік қызмет
Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2050» даму стратегиясында мемлекеттік қызметті реформалаудың негізгі бағыттарының бірі Қазақстан үшін нарықтық экономикаға оңтайлы болатын тиімді, заманауи мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымын құру болды. Мемлекеттік қызметті жаңғырту, ең алдымен, мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға, кәсібилікке, патриоттыққа, стратегиялық міндеттер қоя білуге, оларды жаңа жағдайларда шеше білуге бағытталған. Мемлекеттік қызметте персоналды даярлау жүйесін жетілдіру — қазіргі заманғы мемлекеттік басқарудың алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі.
Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі «халық үніне құлақ асатын», тиімді, есеп беретін, кәсіби және прагматикалық мемлекет қағидаттарына негізделген. Мемлекеттік менеджментті жаңғырту үшін жаңа кәсіби дағдылар, батыл, бастамашыл кадрлар қажет.
Жаһандану, технологиялық инновациялар және әлеуметтік өзгерістер мемлекеттік аппараттан жаңа сын-қатерлерге тез бейімделу және тиімді әрекет ету мүмкіндігін талап етеді. Осы тұрғыда мемлекеттік қызметшілер қазіргі талаптарға сай білімдері мен дағдыларын үнемі жаңартып отыруы қажет.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы басқару процестерін жетілдіру, әкімшілік жүйені жаңғырту және мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін арттыру бойынша мақсаттар қояды. Осы тұрғыда мемлекеттік органдардың қажеттіліктеріне орай мемлекеттік қызметшілердің білімін, дағдылары мен икемділігін үздіксіз арттыру басты қағидат болуға тиіс.
Кез келген оқытудың тиімділігі қызметкерлерді оқыту бағдарламасының сапасына және нақты құрылымына байланысты. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру — біліктілік деңгейіне қойылатын талаптардың артуына және олардың кәсіби міндеттерді шешудің жаңа тәсілдерін игеру қажеттілігіне байланысты кәсіби білімі бар мемлекеттік азаматтық қызметшілердің білімін жаңарту және дағдыларын жетілдіру.
Оқыту бағдарламалары жыл сайын мемлекеттік органдардың қажеттіліктері мен мемлекеттік басқару саласындағы әлемдік трендтер ескеріле отырып қайта қаралады және мемлекет пен мемлекеттік қызметті дамытудың басым бағыттарын іске асыруға бағдарланған жаңа пәндер енгізіледі.
Ақтөбе облысының мемлекеттік қызметшілерді оқыту үрдісіне тоқталсақ, 2024 жылдың 1 маусымына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалында 552 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыру семинарларынан, 87 мемлекеттік қызметші қайта даярлау курстарынан өтті. Сонымен қатар облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары, квазисектор және өзге де ұйымдардан, жеке тұлғалар да оқудан өтеді.
Семинарларға шақыру кезінде мемлекеттік қызметшілердің біліктілігіне сай біріктіріп оқыту маңыздылығы көрсетілді. Кей респонденттер оқыту семинарының тақырыбын еркін таңдау мүмкіндігін ұсынуды қарастырады.
Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін арттыру мақсатында іріктеу рәсімдерін одан әрі жетілдіру кезінде кандидаттардың кәсіби және жеке құзыреттеріне, оның ішінде жұртшылық пен сарапшыларды тарта отырып, кандидаттарды бағалаудың озық әдістерін енгізу есебінен назар аудару ұсынылады.
Мемлекеттік қызметшілер үшін мемлекеттік органдардың қажеттіліктерімен тығыз байланыста білім, біліктер мен дағдыларды үздіксіз арттыру негізгі қағидат болуға тиіс және соған сәйкес мемлекеттік қызметте корпоративтік және ұйымдастырушылық мәдениетті жақсарту маңызды.

Дина КЕКІЛБАЕВА,
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалының аға әдіскері.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button