Экономика

Барлық ресурстарды пайдалану керек

Облыс әкімдігінде Ақтөбе қаласы және аудан әкімдерінің, басқарма басшыларының қатысуымен 2019 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылау бойынша жиын өтті. Мәжілісте облыс әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов, облыс әкімінің аппарат басшысы Нұржауған Қалауовтар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның атқарушылық тәртібі жайында баяндама жасады.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін барлық шараларды қолға алу қажеттігін атап өтті.

«Өңірлік дамудың негізгі көрсеткіштеріне жету үшін қолда бар барлық ресурстарды қолдану қажет. Әсіресе, әлеуметтік, инфрақұрылым саласы, жолдардың сапасы, қоғамдық көліктер, азық-түлік бағасының тұрақтылығы қатаң бақылауда болуы қажет. Жұмыс нәтижесі халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталуы тиіс», — деді облыс басшысы.

Сонымен қатар облыс әкімі қала, аудан әкімдеріне осы жылдың соңына дейін тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдап, орташа айлық жалақының өсімін 12% деңгейінде қамтамасыз етуді, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын одан әрі күшейтуді, ішкі өнім құрылымында шағын және орта кәсіпкерлік үлесін 23%-ға дейін жеткізуді, тұрғын үйлерді қолданысқа беру қарқынын ұлғайтуды және ағымдағы жылдың соңына дейін 1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді, тұрғындарды жұмыспен қамтудың кешенді іс-шаралар жоспары аясында қосымша 9 мыңнан астам жаңа жұмыс орнының ашылуына басымдық беру қажеттігін айтты.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button