Жастар

Жастардың ұсыныстары тыңдалды

Жастар жылы аясында Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығында мүмкіндігі шектеулі жастардың қатысуымен «Жастар — еліміздің болашағы» атты жиын өтті.

Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткен шараға облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Нұрхан Қадырбаев қатысып, жастардың тың идеялары мен ұсыныстарын тыңдады.

— Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы мүгедектерге ақпараттық-кеңестік қызметтерді көрсету және түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін «Инва-кеңес» жобасы аясында ай сайын тақырыптық кездесулер өткізеді.

Кезекті шараны біздің қоғамдық бірлестіктің жастар қанаты — «Стимул плюс» тобының белсенді мүшелері ұйымдастырып отыр.

Бүгінде мүгедек балалар мен жастарды қолдауға бағытталған көптеген іс-шаралар өткізілуде. Мәселен, 2008 жылдан бастап «Алтын жүрек», «Қала мен бала» фестивальдері ұйымдастырылып келеді.  Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармония әншілері мүмкіндігі шектеулі жастармен дуэт құрып, концерттік бағдарламаларға атсалысты. Аталған игі шаралар дәстүрлі түрде жалғасын табатын болады, — дейді қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығының атқарушы директоры Гүлмирам Сражова.

Жиын барысында биыл күзде мүмкіндігі шектеулі жастардың арасында «Екі жұлдыз» ән байқауын өткізу туралы ұсыныс айтылып, дайындық жұмыстары жоспарланды.

 Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button