Жаңалықтар

Әйтеке би және Ырғыз: жаңа әкімдер тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің  және  аудандық мәслихаттардың келісімі бойынша облыс әкімі Оңдасын Оразалин Әйтеке би ауданының әкімі лауазымына Мәди Қанатбайұлы Елеусізовті, Ырғыз ауданының әкімі қызметіне Аққанат Әлішбекұлы Шахинды тағайындады.

43 жастағы Мәди Елеусізов Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін, Ресей кеден академиясын тәмамдаған. Еңбек жолын 1997 жылы Шалқар қаласы «Южбозой» АҚ-да экономист қызметінен бастаған. Ақтөбе облысы кедендік бақылау басқармасының кедендік режимдерді бақылау бөлімінің инспекторы, Қобда кедендік бақылау басқармасының басшысы, Қобда ауданы әкімінің орынбасары, Мәртөк ауданының әкімі, Ақтөбе облысы әкімдігі аппарат басшысы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

Аққанат Шахин 1961 жылы туған. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының түлегі. Ырғыз аудандық азаматтық қорғаныс штабының басшысы, Ырғыз ауданындағы «Шебер», «Ырғыз»  шағын кәсіпорындары басшысының орынбасары қызметтерін, Ырғыз аудандық әкімдігі аппаратының басшысы және Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.
Облыс басшысы тағайындалған әкімдерге ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалын көтеріп, Президент тапсырмаларын жүйелі түрде жүзеге асыруды, халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, жұмыссыздықпен күресті күшейтуді міндеттеді.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button