Жаңалықтар

Ақтөбе облысының ең дарынды балалары «ЮНЕСКО Клубтарының IV Шығармашылық Академиясынан» оралды

Жастар жылы аясында 16-26 маусым аралығында «ЮНЕСКО Клубтарының IV Шығармашылық Академиясының» ең үздік, жарқын және дарынды финалистері Алматы қаласында 10 күндік жастардың білім деңгейін көтеру және жан-жақты дамытуға бағытталған инновациялық платформасында бас қосты.

Мемлекет болашаққа жоспар құрып, одан әрі даму аяларын анықтап, жақын арада оның негізгі қозғаушы күші патриоттық және азаматтық жауапкершілік рухында тәрбиеленген жігерлі жас көшбасшылар болатынына сенеді. Осыған орай, «ЮНЕСКО Клубтарының шығармашылық академиясының» төртінші циклы Қазақстанның түкпір-түкпірінен 12-18 жас аралығындағы дарынды жастарға өз есігін ашты.

ЮНЕСКО Клубтарының шығармашылық Академиясы – бұл еліміздің жетекші мамандары мен мэтрлерінен  білім берудің барлық саласында құнды білім алуға мүмкіндік беретін Қазақстан жастары үшін бірегей платформа. Жоба бағдарламасы Қазақстанның барлық аймақтарындағы дарынды балалар мен жастардың әлеуметтік жағдайына қарамастан, ЮНЕСКО-ның мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы озық бағдарламаларына тегін қол жеткізуге, сондай-ақ өзінің шығармашылық және ғылыми дарынын ашуға және арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаға Ақтөбе облысынан 10 дарынды жас қатысты. Атап айтсақ, Абденова Асылжан Ақтөбе қаласының Шығармашылық Академиясы «School TV» студиясының оқушысы шешендік өнер бағыты бойынша, Жүсіп Ансар, Сатиев Рахим, Жолтума Лияна және Раймбергенова Аружан Ақтөбе қаласының №1 Балалар музыка мектебінің шәкірттері вокалдық және музыкалық бағыттар бойынша, Қалалық көркемсурет лицейінен Байназар Айя бейнелеу өнері бағытында, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Курманалина Сая және Турланов Айдар ғылыми  және жобалық белсенділік бойынша бағыт алса, Тимур Инкар коммуникативті дағдылар бағытын таңдады.  Сәлімгерейқызы Гулнұр Қарғалы ауданының Бадамша селосы  Балалар шығармашылық үйінің оқушысы шешендік өнер бойынша жобаға қатысқан болатын. Өнерлілердің барлығы ЮНЕСКО Клубының мүшелері.

«ЮНЕСКО Клубтарының IV Шығармашылық академиясы» финалистері үздік тәлімгерлермен, сонымен қатар Қазақстанның көрнекті өнер және ғылым қайраткерлерімен дағдыларын дамытып, жаңа тәжірибе жинақтап, шабыттанып қайтты.

Мемлекеттің шығармашылық және ғылыми әлеуеттің болашағын қалыптастыруға бағытталған білім берудегі инновациялық тәсілдерді жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының дарынды жастарын дамыту және оларға қолдау көрсету- жобының негізгі мақсаты.

–  «ЮНЕСКО Клубтарының IV Шығармашылық академиясына»  келгенде, шынымды айтсам, кайтар кезде  еріктілермен, жаңа достармен, мұгалімдермен және Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының ұйымдастырушылармен қоштасуға қиын болатының ойламаған едім.  Осындай жастарға қолдау көрсетіп, олардың дамуына жол ашатын  жобаға қатысканыма өте қуаныштымын және алғысымды білдіремін. Юнеско Клубының мүшесі болғаныма бақыттымын!—  дейді Жүсіп Аңсар (Ақтөбе қаласы, №1 Балалар музыкалық мектебі – ЮНЕСКО Клубының оқушысы), ЮНЕСКО Клубтарының IV Шығармашылық академиясының финалисі.

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры,«Шеврон» компаниясы мен Алматы қаласының Әкімдігінің қолдауымен өткізілген бұл жоба конкурстық кезеңі біздің байтақ еліміздің 14 облысынан және шалғай өңірлерінен 2.000-нан астам дарынды және талантты балалар мен жасөспірімдерді қамтыды. Қазылар алқасы Академияға қатысу үшін алты бағыт бойынша ең дарынды 50 баланы таңдап алды. 10 күндік инновациялық білім беру бағдарламасы төменгі бағыттарды қамтыды: ғылым және жобалық белсенділік, коммуникативті дағдылар мен шешендік өнер, бейнелеу өнері, музыкалық өнер, вокалдық өнер және хореографиялық өнер.

«ЮНЕСКО Клубтарының IV Шығармашылық академиясының» қорытынды кезеңі – музыкалық, вокалдық және хореографиялық өнер бағыттары бойынша финалистердің қатысуымен өткен Гала-концерт.  «Арқайым» этно-фолк бағытындағы танымал топ концерт қонағы болып, қатысушылармен бірге өз өнерлерін ортаға салды.  Шығармашылық академиясының көрмесінде бейнелеу өнері бағытындағы финалистер атақты суретшілердің жетекшілігімен орындалған қорытынды жұмыстарын ұсынды. «Ғылыми жұмыстар мен жоба жазу» номинациясының қатысушылары жоба тарихында алғаш рет қарапайым және қолжетімді тілде зияткерлік жекпе-жек «Science Slam» форматында өнер көрсетті. Өз кезегінде, «Қарым-қатынас орнату мен шешендік өнер» номинациясының финалисттері шешендік және актерлік бағыттар бойынша алған білімдерін көрсетті, сондай-ақ жазбаша жұмыстарын ұсынды. Концерт соңында қатысушылар сөзі де, әні де махаббатқа, мейірімділікке толы ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының әнұранын орындады.

— Шығармашылық академиясы – ЮНЕСКО Клубтары қозғалысының дарынды балаларына арналған білім беру бағдарламасы. Барлық Қазақстанның қалалары мен елді мекендерінен балалар бұл жобаға тегін қатысып, білім беру саласындағы әлемнің алдыңғы қатарлы тәжірибелілерін қабылдай алады. Бұл жоба талантын паш етемін дейтін кез келген балаға, соның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға да үлкен  мүмкіндіктер сыйлайды, себебі бағдарламаға қатысу тегін. Ол, әрине, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының, Шефрон компаниясының қолдауының арқасында мүмкін болып отыр. Жоба өз міндеттерін толығымен орындады деп сенемін: рухани мәдениетімізді жаңғырту, құндылықтарымызды насихаттау, дарынды жастарды қолдау, ғылым мен білімді өзіне серік қылған болашақ ұрпаққа жол корсетер тәлімгерлермен ұштастыруды айтып өтуге болады, — дейді Аязбаев Серкан, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының Вице-Президенті.

Осы мақала арқылы Ақтөбе облысының білім беру (бала-бақша,мектеп, мектептен тыс, колледж, жоғары оқу орындары) ұйымдарының басшыларын Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Кубтар Федерациясының құрамына енуге шақырамын.

Шамшат Жұбай

«Шығармашылық Академиясы» МҚКҚ директоры,

Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтар Федерациясының

Ақтөбе облысы бойынша аймақтық өкілдік төрайымы

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button