Жаңалықтар

Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны

Тіл

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл — қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты дәріс-семинарын өткізді.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға мектеп мұғалімдері, оқыту орталықтарының оқытушылары ментіл мамандары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты.

Екі күндік оқыту семинары барысында аталған ғылыми-практикалық орталықтың Қолданбалы лингвистика басқармасының басшысы Сая Итеғұлова,

филология ғылымдарының кандидаты Гүлфар Мамырбек қатысушыларды жаңа емле ережелерімен және латын графикасына енгізілген өзгерістермен таныстырды.

— Республика көлемінде жаңа латын графикасымен жазылған жазба тіліміздің жүйесін, емле ережелерін түсіндіре алатын білікті мамандар даярлаудың маңызы өте зор.

Жаңа әліпбидегі кейбір дыбыстардың таңбалануын, кірме терминдерді қазақ тілінің өзіндік заңдылықтарына байланысты қабылдауымыз керек. Бұрын әліпбиіміз 42 әріптен тұрса, жаңа әліпби 32 әріптен тұрады. Қатысушыларға әліпби құрамы мен дұрыс жазу ережелері бойынша кеңінен ақпарат ұсынылды.

Бұл шарареспубликалықдеңгейдеұйымдастырылыпжатыр. Бізосыменон үшіншіөңіргекеліпотырмыз. Әрі қарай сапарымыз Нұр-Сұлтанқаласындажалғасатынболады, — дейді СаяИтеғұлова.

Шара соңында семинарға қатысқан 60 тыңдаушыға арнайы сертификаттар берілді.

Енді олар оқытушы ретінде халыққа насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргізе алады.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button