Басты жаңалықтар

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: Димаш — қазақтың мәдениетін, ән өнерін шартарапқа паш етіп жүрген виртуоз

Талантын әлем мойындаған Димаш Құдайбергеннің өнеріне мемлекет басшылары да ықыластарын білдіріп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инстаграм парақшасында Димаш Құдайберген туралы жазба қалдырды.

«Димаш Құдайберген — ән өнеріндегі құбылыс, нағыз талант иесі. Қазақтың мәдениетін, ән өнерін шартарапқа паш етіп жүрген виртуоз. Кеше қазақтың мақтанышына Өзбекстан жұртшылығы да тәнті болып, өнеріне қол соқты. Димаштың әлі талай биіктерді бағындырарына сенімдімін және тілектеспін», — деп жазған Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 14-15 сәуір күндері алғашқы мемлекеттік сапармен Өзбекстанда болған-ды. Екі елдің Президенті Қ.Тоқаев пен Ш.Мирзиёевтің қатысуымен өткен Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсімінде Димаш Құдайберген «S.O.S» әнін орындаған еді. Мемлекет басшылары мен әнші осы шара барысында кездескен. Президент Қ.Тоқаев өз парақшасында бірнеше сурет жариялаған. Бірінде Димаш Қазақстан президентімен қол алысып амандасып тұрса, екіншісінде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке ізетін білдіріп тұр.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button