Жаңалықтар

Нақты тапсырмалар берді

Кеше  облыс әкімі Оңдасын Оразалин бірнеше аумақтық департаменттердің басшыларын қабылдады, — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Облыс   басшысына Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Нұрбақыт Барбосынов, Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айбек Паяев, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестік және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Гүлнұр Жайлаубайқызы, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің басшысы Абай Байжомартовтар өздері басқарып отырған саладағы атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есеп берді.

Облыс әкімі аталған департамент басшыларын мұқият тыңдап, атқарылып жатқан жұмыстарды одан әрі жандандырып, тұрғындар тарапынан келіп түскен сұрақтарға дер кезінде жауап беруді тапсырды.

Сонымен қатар, өңірдегі  ұлтаралық келісімді сақтау, конфессияаралық араздықты болдырмау және тарифтерді заңсыз өсірмеу, салықтық түсімді арттыру, кәсіпкерлерге көмектесу, индустриялық даму бағытындағы жұмыстарды жүргізуге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button