Мәдениет

Жырдың нұры

Ақтөбе топырағында дүниеге келген қазақтың көрнекті ақыны, жырау Нұрпейіс Байғаниннің туғанына 150 жыл толуына орай көптеген мәдени шаралар  өткізіліп жатыр.

Ақтөбе қаласындағы Н.Байғанин ескерткіш алаңында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі бірігіп ұйымдастырған «Жырдың нұры — Нұрпейіс» атты поэзия кеші өтті.

Кешке Н.Байғаниннің ұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, күйші Момын Нұрпейісұлы  қатысып, өзінің күйлерін тыңдарманға жеткізді, ардагер журналист Идош Асқар ақынның өмірбаянына тоқталып, жақсы лебізін айтты. Қаламыздың «Әлия гүлі» халықтық қазақ биі  ансамблінің бишілері «Шашу» биін тарту етіп, кітапхана қызметкерлері М.Құмарова, Н.Байжігітова, А.Әжібаева ақынның өлең-жырларын, арнауларын оқыды.

Бұл шара оқырмандарға ақынның жырларын насихаттау, оның мұрасын болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында өткізілді.

Жанар НҰРЫМГЕРЕЕВА,

қалалық кітапхана әдіскері.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button