Жаңалықтар

Дамудың дәлелі

Мемлекет басшысының Nur Otan партиясының съезіндегі берілген тапсырмаларын түсіндіру мақсатында съезд делегаттары әр аймақта кездесулер өткізіп жатыр.

Солардың бірі — «Трансэнерго» АҚ басшысы Аманбай Сакиев ұжым қызметкерлерімен жиын өткізді.

Алдымен ұжымдағы нәзік жандыларды Халықаралық аналар күнімен құттықтаған мекеме басшысы Президенттің съезде айтқан сөздерінің әр тарауына жеке-жеке тоқталып, қарапайым тілмен түсінікті етіп жеткізді.

Мен Астанада өткен Nur Otan партиясының XVIII съезіне қатысып келдім. Онда қазіргі әлеуметтік мәселелерге қатысты тың жаңалықтар айтылды. Президент жаңа үкіметке тікелей тапсырмалар берді. Бұрын істелмеген жұмыстар қолға алынды. Соның бәрі халыққа үлкен көмек. Бұрын алдымызға ұзақ уақытқа мақсат қоятын едік. Ал, Елбасымыз сол міндеттер мен жоспарлардың бірден орындалуын тапсырды. Жақында «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығында қоғамдық қабылдау өткіздік. Сол кезде байқағанымыз, кейбір тұрғындар мемлекеттік бағдарламаларды толық түсінбей жатады. Және өздерінің құқығын білмейтіндері де бар. Біздің мақсатымыз — елде болып жатқан барлық жаңалықтарды ұғындыру. Халықтың көзін жеткізу. Еліміздегі ең басты мәселе —  жастарды баспанамен қамту болса, биыл 50 жастың пәтер алуы Президент тапсырмасының жүзеге асырылып жатқандығының бір дәлелі, — деді А. Сакиев.

Сонымен қатар ол көпбалалы аналарға төленетін жәрдемақы мен әлеуметтік көмектің әр отбасындағы баланың санына қарай кімге қанша төленетінін,

арзан пайызбен берілетін үйлерге кімдердің ие болатынын түсіндірді.

С.НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button