Ақтөбе — 150Басты жаңалықтар

Мерейтой эмблемасы бекітілді

Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына белсенді дайындық жұмыстары жалғасуда. Бұдан бұрын тұжырымдама анықталып, негізгі мерекелік шаралар жоспары құрылды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен ұйымдастыру комитетінің отырысында қаланың мерейтойлық таңбасы бекітілді.

Эмблема Ақтөбе тұрған төбені, Елек және Қарғалы өзендерін, сонымен қатар қала индустриясын білдіреді.Таңба бекітілгеннен кейін іс-шаралар жоспары мен тұжырымдамасын сапалы жүзеге асыру мақсатында құрылған жұмыс тобының басшылары атқарылған жұмыстар жайында есеп берді.

Отырыстың қорытындысы бойынша, облыс әкімі, ұйымдастыру комитетінің төрағасы Бердібек Сапарбаев бірқатар нақты тапсырмаларды атады. Атап айтқанда, облыс басшысы барлық 150 жаңа әлеуметтік, өнеркәсіптік нысандардың заманауи енгізілуін қамтамасыз етуді талап етті. Олардың жалпы құны 153,6 млрд теңгеден кем емес.

Барлық нысандар бойынша меморандумдар жасалып, пайдалануға беретін нақты мерзім ібелгіленуі, жауапты тұлғалар бекітілуі тиіс. Мәдени-көпшілік іс-шараларға, кәдесый өнімдерін шығаруға кететін шығындарды үнемдеу жағын қайта қарау керек. Қаламыздың мерейтойын мерекелеудің басты нәтижесі— Ақтөбе қаласының экономикалық дамуы, жаңа жұмыс орындарын құру болуы қажет,—деп атап өтті облыс әкімі.

Еске салайық, мерекеге дайындық пен оның өткізілуін көремін деушілер инстаграм және фейсбук әлеуметтік желісіндегі  Aqtobe_150jyl парақшаларынан қарай алады.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button