Ақтөбе — 150

Коворкинг орталығы ашылды

Астана ауданы әкімдігінің ғимаратында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған коворкинг орталығы ашылды. Жаңа әлеуметтік бастаманы қала әкімдігі шаһардың 150 жылдық тойы және «Ақтөбе сыйлығы» жобасы аясында жүзеге асырды.

Жаңа нысанда мүмкіндігі шектеулі азаматтар кез келген уақытта әртүрлі іс-шаралар өткізе алады. Орталық заман талабына сай барлық техникамен жабдықталған. Мәселен компьютерлер мен проектор орнатылған, тегін Wi-Fi желісі тартылған, кітапхана, үстел ойындары, кинофильмдер мен мотивациялық роликтер көруге арналған қондырғылар, музыкалық аспаптар және караоке келушілердің игілігіне тапсырылды.

Ұйымдастырушылар жаңа орталықта алдағы уақытта тренингтер мен шеберлік сыныптарын өткізуді жоспарлап отыр.

  Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button