Жаңалықтар

Шетелдік инвесторларды тарту жұмыстарын күшейту қажет

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында облысқа шетелдік инвесторларды тарту мәселесі қаралды.

Облыс әкімі соңғы уақытта Ақтөбе экономикасына түскен шетелдік инвестициялар көлемінің азайғанын атап өтті. Соған байланысты инвестиция тартуға тікелей жауапты компаниялар — «Қазақ-Инвест» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы филиалы өңірлік өкілдігі мен «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы  басшылары Әнуар Сабыров пен Әнуар Махановтың баяндамалары тыңдалды.

— «Қазақ-Инвест» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы филиалы өңірлік өкілдігінің жұмысы қанағаттандырарлықсыз. Сонымен бірге Ақтөбе облысының Бейжіңде ашылған инвестиция тарту және экспортты дамыту саласындағы өкілдігінің қызметі де сұрақ туғызады. Басты проблема — бақылау мен жұмыла жұмыс істеудің жоқтығы. Облыстың игілігі үшін бірге қызмет істеудің орнына әркім өз бетімен жұмыс істейді, — деді Бердібек Сапарбаев есепке көңілі толмағандығын білдіріп.

Облыс басшысы өңірге инвестиция, әсіресе, шетелдік  инвестиция тарту, сонымен қатар, Ақтөбе облысының «Бір белдеу — бір жол» бағдарламасы бойынша қосылған бес жобасын жүзеге асыру жұмысын күшейтуді тапсырды.

«Елшіліктермен жұмыс істеп, біздегі қолданыстағы инвесторларды қолдау орталықтарының тиімділігін күшейту керек. Сонымен қатар, инвестициялық қызметке қатысты барлық меморандумдардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету қажет. Біздің басты міндетіміз —  Елбасының инвестиция туралы тапсырмасын орындау», — деді бұл мәселені өзінің орынбасары Қ.Бекеновке қатаң бақылауға алуды тапсырған облыс әкімі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button