Әкімдер есебі

Табиғат сақшылары қажет

Аудан әкімі Мәди Елеусізовтің қатысуымен ауылдық округ әкімдерінің есептік кездесулері өтті. Ауыл тұрғындары аудан, округ әкімдеріне көкейде жүрген сұрақтарын қойды.  

Алғашқы күні Аманкөл ауылдық округінің әкімі Абат Баймұханов есеп берді. Атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Шағын және орта кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы саласында ілгерілеу бар. Халыққа қызмет көрсету салаларының жұмысы оң көрсеткіштерге ие. Округ әкімі осы және өзге де жетістіктерге тоқталды. Көпшілік аудан әкіміне сұрақтар қойды. Көгілдір отын және  Құтикөл ауылынан Жарма бағытына шығар жолдағы көпірдің сын көтермейтіндігі, тері, жүн өткізудің қиындығы туралы айтты. Өңірде табиғатты қорғау мен ұры-қарылардың алдын алу мақсатында қосымша табиғат сақшыларының қажеттігі туралы да мәселе көтерілді. Аудан әкімі Жарма бағытындағы көпірді жөндеуге жобалық-сметалық құжаттардың дайындалып жатқандығын, ал малдың жүні мен терісін өткізу шын мәнінде күрделі мәселе екенін айтты. Ол облыс орталығында жүн қабылдау пункттері жұмыс істейтіндігін, бірақ тапсыру бағасы жүннің сапасына қатыстылығын ескертті.

Сондай-ақ аудан әкімі Тәуіп, Жайсаңбай, Құмтоғай, Қызылжар ауылдық округтерін аралап, округ әкімдерінің есебін тыңдады. Тұрғындарымен кездесті, сауалдарына жауап берді.

Т.АҚДӘУЛЕТОВ,

Ырғыз ауданы.     

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button