Жаңалықтар

Бақыланды, есепке енгізілді

Тәртіп

 Ақтөбеде 2-9 қаңтар аралығында «Демалыс» атты жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілді.

Бұл шараның мақсаты —  жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау, кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде, ойын-сауық орындарында заңды өкілінсіз жүруі фактілерін анықтау, кәмелетке толмағандарға алкогольді, темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау, сондай-ақ, ересек тұлғалардың кәмелетке толмағандарды құқықбұзушылыққа және қылмыс жасауға итермелеуінің алдын алу.

Аталған шара барысында ювеналдық полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда, жастар көп жиналатын ойын-сауық орындарында рейдтік қадағалау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ішкі істер бөлімдеріне кәмелетке толмаған 216 жасөспірім жеткізілді. Оның 208-і тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23.00-06.00 аралығында заңды өкілдерінсіз жүргендер.

22 ата-ана бала тәрбиесінде өз міндеттерін толық атқармағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Ішкі істер бөлімінің есебіне 28 кәмелетке толмаған жасөспірімдер енгізілді, олардың бесеуі — қараусыз, қадағалаусыз қалған жасөспірімдер.

М.САТАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button