Ауыл

Жансұлудың шаштаразы

Жаңа жыл қарсаңында Сарыжар ауылында жаңа шаштараз ашылды.

Шаштараздың салтанатты ашылуына «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Айгүл Баубекова, менеджер-кеңесші Райгүл Қарылғашева, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Жанна Кауменова және ауыл тұрғындары қатысты.

Шаштараздың иесі Жансұлу Кашимова өткен жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының бірінші бағыты аясында шаштараз мамандығын игеріп, «Бастау» жобасына қатысып, грантқа ие болған. Енді, міне, ол өз кәсібін ашып, ауыл тұрғындарына қызмет көрсетпек.

Осыған дейін бір кәсіп ашуды жоспарлаған едім. Міне, сол жоспарымды аудандық жұмыспен қамту бөлімі мен аудандық кәсіпкерлер палатасы шындыққа айналдырып, менің қосымша мамандық таңдауыма көмектесті. Сол үшін аталған бөлім мамандарына айтар алғысым шексіз.

Шаштараз ертеден келе жатса да бүгінгі күні, әсіресе, ауылда, ауданда сұранысқа ие мамандық. Сондықтан алдағы уақытта осы кәсібімді дамыта отырып, халыққа пайдамды тигізсем, оның өзі үлкен бақыт, абырой деп ойлаймын. Алдағы уақытта шағын сұлулық салонымда халыққа қажет басқа да қызмет түрлерімен айналысатын мамандарға арнайы орынды жабдықтау жоспарда бар, — дейді Жансұлу.

Аманат ҚАЛПИЕВА,

Мәртөк ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button