Спорт

Енді ширек финал

Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалының ойындары өте тартысты өтуде. «Қара құрлықтың» өкілі Гана футболшылары АҚШ құрамасын тоқтатты. Есеп: 2:1. ганалықтардың тегеурінді ойыны жанкүйерлерге ұнады, өздерін қолдауға еріксіз тартты. Ал Уругвай Оңтүстік Кореяны осындай есеппен ұтты.

Көпе-көрнеу қателескен төрешілер кей команданы теңселтіп жібереді. Немістер мен ағылшындардың кездесуінде маңдайшаға тиіп, қақпа сызығынан асып түскен Англия футболшысының голы есепке алынбады. Бұл гол саналғанда ойын нәтижесі басқаша аяқталар ма еді. Керісінше, Аргентина мен Мексика арасындағы ойында оңтүстік америкалықтардың офсайттан соққан голы есептелді. Бұл чемпионат осындай деректермен де есте қалмақ.

Статистикалық есеп жүргізетін жанкүйерлер үшін топтық кездесулердің жарияланбаған нәтижелерін ұсынып отырмыз.

Австралия-Сербия-2:1, Гана-Германия-0:1, АҚШ-Алжир-0:1, Словения-Англия-0:1, Камерун-Голландия-1:2, Дания-Жапония-1:3, Парагвай-Жаңа Зеландия-0:0, Словакия-Италия-3:2, Швейцария-Гондурас-0:0, Чили-Испания-1:2, КХДР-Кот-д-Ивуар-0:3, Португалия-Бразилия-0:0.

1/8 финалының нәтижелері:

Уругвай-Оңтүстік Корея-2:1, АҚШ-Гана-1:2, Германия-Англия-4:1, Аргентина-Мексика-3:1.

Кеше Голландия-Словакия, Бразилия-Чили командалары кездесті. Бүгін Парагвай мен Жапония, Испания мен Португалия күш сынасады.

Екі ойын жанкүйерсіз өтеді

Қазақстан чемпионатының XVIII турында Алматыда ойнаған ақтөбеліктер «Қайратты» 2:0 есебімен жеңіп, үш ұпай олжалады. Гол авторлары — Самат Смақов (пенальти) пен Мұрат Тілешов. Қазір жерлестеріміз 31 ұпаймен 4-орында келеді.

Өкінішке қарай, «Ақтөбе» командасы Ақтөбедегі кезекті екі ойынды жанкүйерсіз өткізетін болды. Қазақстан футбол федерациясының бақылау-тәртіп комитеті осындай шешім қабылдады. Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда Астананың «Локомотивімен» болған ойында ойын кезінде және ойыннан соң жанкүйерлердің басым көпшілігі төреші атына балағат, былапыт сөздер айтқаны үшін осындай жаза қолданылды. «Ақтөбе» футбол клубына 900 мың теңге айыппұл салынды. Ал бас бапкер Владимир Муханов ойын соңынан наразылық беру тәртібін сақтамағаны үшін 100 мың теңге айыппұл төлейтін болды.

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button