Басты жаңалықтарМереке

Құралайы қазақтың

Иә, бүгіннен бастап осылай деп айтуға да болатын шығар.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Елбасымыз Нұрсұлтан  Назарбаевтың қолынан Ақтөбедегі «Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Құралай Бәйменова еліміздің ең жоғары марапаты — «Қазақстанның Еңбек Ері» мемлекеттік наградасын алды.

Салтанатты шарада Құралай Бәйменова Елбасын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Отанымыздың тыныштығы мен тұрақтылығы үшін алғыс сезімін білдірді.

Құралай Базарбайқызы — қиындыққа мойымаған, қасіретті де жеңуге болатындығын дәлелдеген жан.

Еңбек жолын ұстаздықтан бастаған ол өз өмірінің қиын сәттерінде де еңсесін биік ұстап, тіршіліктің тар қыспағында жүрген адамдарды соңынан еріте білді, оларға жігер берді, алға жетеледі.

Қашанда айналасына шуақ шашып, сәулелі күндерді көбейтіп жүретін қайсар жан — Құралай Базарбайқызын мәртебелі атағымен «Ақтөбе» газетінің мың сан оқырмандары атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button