Спорт

«Ақтөбе» футбол клубы мәселесі қаралды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Ақтөбе» футбол клубына қатысты мәселелер бойынша кеңес өткізді.

Облыстық қаржы басқармасының басшысы Гүлназ Сисенова ҚР Үкіметінің 30.12.2015 жылы №1141 санды 2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында Ақтөбе облысы бойынша тізімге коммуналдық меншіктің 9 нысаны енгізілгенін, оның ішінде «Ақтөбе» футбол клубы» АҚ бар екенін хабарлады.

Жекешелендіру нысандарын сату ережелеріне сәйкес коммуналдық мүлікті сату жөніндегі комиссия құрылымдалды, оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдар, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері және облыстық мәслихаттың депутаттары енгізілді.

Бұл нысан бойынша комиссия 7 жылға мерзіммен кезекті сатып алу құқығымен сенімді басқаруға беру туралы шешім қабылдады. Бастапқы баға 100 миллион теңге құрайды.

Өз кезегінде облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов ағымдағы жыл бойынша клубтың футболшылар алдында қарызы жоқ екенін атап көрсетіп, ойыншылар еңбекақы мен сыйлық төлемдерін уақытында және толық көлемде алып отырғанын айтты.

Сондай-ақ облыс басшылығының ықпал етуімен  бұрынғы ойыншылар алдындағы өткен жылдар үшін қарыздарды шегеру бойынша шаралар қабылдануда.

Бұдан басқа, ФИФА шешімімен алынған 6 айып ұпайын қайтару бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Кеңес қорытындысында облыс басшысы жауапты мемлекеттік органдар мен футбол клубының басшылығына ҚР қолданыстағы заңдылықтарына қатаң сәйкестікте бұрынғы ойыншылар алдындағы қарыздарды өтеу бойынша жоспарлы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button