Экономика

Әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы сақталуда

Облыс әкімдігінде өткен жиында облыстың осы жылғы тоғыз айының әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы қаралды.

— Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық негізгі көрсеткіштерінде оң динамика күтілуде, — деп жеткізді облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйінтаева.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, есептік кезең ішінде өнеркәсіп өсімі 5,2% құрайды деп болжануда. Қаңтар-қыркүйек айларының ішінде барлығы 1,3 трлн теңгеден астам сомаға өнім өндірілген. Ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнімі болжам бойынша 167,6 млрд теңгені құрайтын болады (104,4%). Ағымдағы айда 75 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 22,1% көбірек. Бұдан басқа, қыркүйек айының қорытындысы бойынша 39,6 млрд теңге (109,1%) қаражат тарту жоспарда бар. Биылғы жылдың тоғыз айының ішінде 318 млрд теңге тартылатын болады.

— Басты міндет қолда бар қор мен әлеуетті пайдалана отырып, қалыптасқан қарқынды сақтап, Мемлекет басшысының облыс экономкиасының өсу қарқынын кем дегенде 5 пайыз деңгейде сақтап қалу жөніндегі тапсырмасының орындалуын қамтамасыз ету, — деп атап өтті облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Бұдан басқа, жиын кезінде облыс әкімі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына көмір бағасын қатаң бақылауда ұстауды және жоғары сауда-саттық үстеме бағаны негізсіз өсірудің жолын кесуді тапсырды.

— Бір тонна көмірдің үстеме бағасы 5 мың теңгеге қымбаттаған. Жеткізушілердің мұндай баға қоятындай сонша шығыны жоқ. Табиғи монополияларды реттеу департаментін тарта отыра осы мәселенің басын ашыңыздар. Қатаң шаралар қолданыңыздар, — деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button